Анықтама
Кәрімов Айбек Мүталапханұлы
1508Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚҚО аумақтық инспекциясының басшысы.
Әлеуметтік желілерде:
- Туған жылы: 1959 жылы туған.
- Білімі: Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын 1981 жылы зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Киров атындағы совхозда зоотехник болып бастады.
1982 жылдан 1985 жылдар аралығында Семей облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, содан кейін Семей облысы Шар аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшысы, Семей облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1995 - 2002 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі.
2002 - 2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.
2004 - 2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2006 - 2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.
2008 жылдың қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі.
2010 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың қаңтар айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі.
21.01.2011 ж. - 16.06.2015 ж. - Семей қаласының әкімі.
16.06.2015 ж. - 01.03.2017 ж. - Зырян ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласы.
02.03.2017 ж. - осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚҚО аумақтық инспекциясының басшысы.