Анықтама
Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы
2618Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-
Туған жылы: 1948 жылы 1 қыркүйекте
-
Туған жері: Гурьев облысы Теңіз ауданы
-
Білімі: Уфа мұнай институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
-
Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі баласы бар.
1971-1972 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің Прорвынск бұрғылау конторында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы жұмыстарын атқарды.
1972-1973 жылдары - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында (ҚазГБҒМИ) бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері.
1973-1978 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық нормалау және еңбекті ғылыми ұйымдастыру жасағының бастығы.
1978-1983 жылдары - ҚазГБҒМИ зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары.
1983-1987 жылдары Йеменде, Аден қаласында Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері қызметінде болды.
1987-1991 жылдары - ҚГБҒМИ зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибие-әдістеме экспедициясының бас технологі, бастығы.
1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы.
1993-2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2003-2007 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі, министрі.
2007-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2012 жылғы қаңтар-2012 жылғы тамыз аралығында - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
2012 жылғы тамыз-2016 жылғы наурыз аралығында - Атырау облысының әкімі.
2016 жылғы 24 наурыз – 2016 жылғы 21 маусым аралығында VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
2016 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық қеңесінің төрағасы
2016 жылғы 22 маусымнан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» (1999 ж.), II деңгейлі «Барыс» (2006 ж.), I деңгейлі «Ұлы Петр» (Ресей) (2006 ж.), «Еңбегі үшін» (Украина) (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2013 ж.) ордендерімен марапатталған. КСРО-ның Йемен ХДР-дағы елшілігінің Алтын кітабына есімі жазылған (1985 ж.).