Анықтама

Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы

3030

Қазіргі лауазымы: Абай атындағы ҚазҰПУ КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы


  • Туған жылы: 23.10.1957 жыл
  • Туған жері: Жамбыл облысы
  • Білімі: Педагогикалық және заңгер білімі бар. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін,
  • С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің  заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 


1990 жылғы сәуір – 1993 жылғы желтоқсан аралығында - он екінші сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының он екінші сайланымдағы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды және халықтың білім алуын дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары болған. 


1993 жылғы желтоқсан – 2007 жылғы тамыз аралығында - Алматы қаласы Білім департаментінің директоры қызметін атқарған.


2007 жылғы тамыз – 2011 жылғы қараша аралығында – ІV сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 


2012 жылғы қаңтар - 2016 жылғы қаңтар аралығында - V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.


2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары. 


«Нұр Отан» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізімі бойынша сайланған.

2021 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы


12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы.


«Парасат»,«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған, төсбелгі ұсыныла отырып Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, «М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың лауреаты» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы Әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы