Анықтама
Имандосов Мұрат Самұратұлы
2133Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1972 жыл
Туған жері: Қызылорда облысында туылған.
Білімі: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономист" мамандығы бойынша,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының маманы болып бастаған.
1995-2000 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының инспекторы, бас маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары болды.
2003-2008 жылдары Шиелі ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау Комитетінің монополияға қарсы басқармасының бастығы болған.
2008-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы лаауазымын атқарды.
2011-2016 жылдары - Қызылорда облысы Қазалы және Қармақшы аудандарының әкімі, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.
2019-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.