Анықтама

Ильин Юрий Викторович

1789

Қазіргі лауазымы: ҚР Төтенше жағдайлар министрі


Туған жылы: 09.04.1968 жыл

Туған жері: РКФСР Куйбышев қаласы

Білімі: 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер,

2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.

Отбасылық жағдайы: Үйленген. Үш баласы бар


1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;


1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;


1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;


1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;


1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;


1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;


1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;


1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;


2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;


2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;


2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;


2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;


2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;


2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.


«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы