Анықтама

Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы

2698

Қазіргі қызметі: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директоры


Әлеуметтік желіде:

Туған жылы: 1965 ж.

Туған жері: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында дүниеге келді.

Білімі: 1988 ж. Алматы Мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының театр факультетіне «Драма және кино актері» мамандығын тәмәмдады

1990-1993 жж. осы институттың аспирантурасында оқыды.


Еңбек жолын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант болып бастады.

1994 ж. театртану саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, аталмыш институтта ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1996-1997 жж. Қазақтың өнер мәселесі бойынша ғылыми Орталығына бөлім меңгеруші.

1997-1999 жж. ҚР Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің “Театр және кино” бөлімінің бастығы;

1999-2001 жж. Республикалық Неміс драма театрының директоры;

2001 ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында әкімшілік директоры;

2004-2008 жж. ҚР Театр қайраткерлері Одағының төрағасы;

2008 ж. желтоқсанынан 2013 ж. сәуіріне дейін Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры;

2013 ж. 1-сәуірінен М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

2016 жылдың қараша айынан бастап, 05.03.2020 ж. дейінгі аралықта Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың наурызынан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директоры болып қайта тағайындалды

 Драматургия жанрында табысты еңбек етіп келе жатқан Е. Жуасбектің «Үйлену», «Күлеміз бе, жылаймыз ба?», «Антивирус», т.б пьесалары республика театрларында қойылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы