Анықтама
Егеубаева Сәуле Асқарқызы
1153Қазіргі лауазымы: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
- Білімі: 1998 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген.
- 1997-1999 жылдары Оснабрюк қ. (Германия) Жоғары мектебінде «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша білім алды.
- 2009 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
1999-2003 жылдары еңбек жолын ҚР Ұлттық Банкінің Ішкі аудит департаментінде жетекші және бас маман лауазымынан бастап, монетарлық операциялар аудиті, қаржылық қадағалау, халықаралық несиелендіру, бухгалтерлік есеп салаларында маманданды.
2003-2014 жылдары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк өнімдерін дамыту құрылымын басқарды (2003-2007 жылдары);
Басқарма мүшесі: Басқарушы директор, Басқарма Төрайымының орынбасары (2007-2014 жылдары) лауазымын атқарды.
С.А.Егеубаева тәуекел-менеджмент, банк өнімдерін дамыту, несиелендіру, сапа, жарнама және бұқарамен байланыс, халықаралық әріптестік бағыттарына жетекшілік етті.
2014- 2017 жылдары «Қазақстан даму банкінде» Басқарушы директор қызметін атқарып, бухгалтерлік есеп, операциялық департамент, қаржы департаменттерінің жұмысын үйлестірумен айналысты.
2017 жылдың ақпан айынан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы