Анықтама
Дүзбаева Мейрамкүл Алтынбекқызы
1177Қазіргі лауазымы: «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі басқарушы директор
Туған жылы: 1 қаңтар 1966 жыл.
- Білімі: 1987 ж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді
2004 ж. Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірді
1987 – 1991 ж.ж. «Қазалтын» ТБК «Жолымбет» кенішінің негізгі өндіріс шебері;
1991 - 1994 ж.ж. - ҚР Экономика министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері;
1994 - 2000 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, бас басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, төраға орынбасары;
2000 - 2002 ж.ж. – «Қазақойл-Продактс» ЖШС директоры, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-тың инвестициялық жобалар жөніндегі атқарушы директоры, президентінің кеңесшісі;
2002 - 2003 ж.ж. – «Каспий өнеркәсіп-қаржылық тобы» ЖШС бас директорының кеңесшісі;
2003 – 2006 ж.ж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-тың корпоративтік даму жөніндегі атқарушы директоры, бірінші вице-президентінің кеңесшісі;
2006 - 2007 ж.ж. – «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ-тың стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры;
2008 - 2015 ж.ж. – «Mercury Service Company» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры;
2009-2013 ж.ж. – «ТЭК – Қазақстан» ЖШС Бас директоры;
2013 - 2016 ж.ж. – ҚР «Атамекен» ҰКП Басқармасының мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары;
2016 жылдан осы уақытқа дейін – ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумінің мүшесі;
2016 - 2017 ж.ж. – «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры;
2017 – 2018 ж.ж. – «Silkway Transit» ЖШС бас директоры;
2018 ж. желтоқсаннан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың даму жөніндегі басқарушы директоры.
Келесі мемлекеттік және салалық наградаларға ие:
· Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты (2001 ж.)
· Мерейтойлық медаль – Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл (2005 ж.)
· Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені (2012 ж.)