Анықтама

Бекназаров Бектас Әбдіханұлы

2424

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 12.09.1956 жыл

Ұлты: Қазақ. 

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 


Заң ғылымының кандидаты. Кандидаттық диссертациясын 2004 жылы Ресей Федерациясында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде қорғаған.

1978-1983 жылдары - Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотында сот орындаушы, Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің консультанты, аға консультанты.

1984-1990 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы.

1990-1996 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

1997 жылы - Жезқазған облыстық сотының төрағасы.

1997 – 1999 жылдары - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры.

2000 – 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

2002 – 2006 жылдары - Атырау облыстық сотының төрағасы.

2006 – 2009 жылдары - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы.

2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

2011- 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.

2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

2014 жылы 11 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

2016 жылғы 16 қыркүйектен 2020 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары


«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы