Анықтама

Беккер Владимир Робертович

2158

Қазіргі лауазымы: Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының бас директоры


  • Туған жылы:18.10.1965 жыл
  • Туған жері: Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылы
  • Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.
  • 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді.



Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарады.


1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды.


1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.


2008 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.


2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.


2016 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.

2021 жылдан бері Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының бас директоры


ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы