Анықтама
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы
1049Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
Туған жылы: 1967 жыл
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы.
Білімі: 1994 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген. Диплом бойынша біліктілігі – инженер-механик.
1998 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Диплом бойынша біліктілігі – заңгер-құқықтанушы.
2015 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын бітірген.
1994 жылғы маусымнан 1997 жылғы желтоқсанға дейін – Талдықорған және Ақмола облыстарының Ішкі істер басқармасы Мемлекеттік автоинспекциясының инспекторы, мемлекеттікавтоинспекторы, аға инспекторы.
1997 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы мамырға дейін – ҚР ІІМ Жол полициясы департаментінің инспекторы, аға инспекторы, бөлімше, бөлім бастығы.
2006 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін – ҚР ІІМ Штаб департаменті бастығының орынбасары.
2007 жылғы тамыздан 2009 жылғы сәуірге дейін – ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы.
2009 жылғы сәуірден тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі.
2009 жылғы тамыздан 2012 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012 жылғы наурыздан 2013 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң шығару, қорғаныс және құқық қорғау бөлімі бастығының орынбасары.
2013 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы.
2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.
2020 жылғы наурыз айынан бастап 2021 жылғы 22 шілдеге дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
2021 жылғы 22 шілдеден бастап Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2022 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды