Анықтама
Баймұрзин Арманбек Хәкімбекұлы
1416Қазіргі лауазымы: Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы
Туған жылы: 1974 жылғы 3 сәуір
Туған жері: Көкшетау облысының Щучинск қаласы
Білімі: 1992 жылғы тамыздан бастап 1994 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында,
1994 жылғы қыркүйектен 1996 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы МТК Алматы жоғары тергеу мектебінде оқыды,
Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша МТК басқармасы тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет етті.
1997 жылдан бастап ІІО-ның жедел құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарады.
2004 жылғы ақпаннан бастап 2012 жылғы сәуір аралығында ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басшылық ету лауазымдарында қызмет атқарады.
2012 жылғы сәуірден бастап 2014 жылғы қараша аралығында Жамбыл облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары.
2014 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
2022 жылы 10 ақпаннан бастап Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы
2008 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің №615 Жарлығымен «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды.
2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
2015 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің №898 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 244 Жарлығымен І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің №380 Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2014 жылғы 16 маусымда ІІМ-нің №177 ж/қ бұйрығымен «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
Арнайы атағы: полиция генерал-майоры (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 3 мамырдағы №677 Жарлығы)