Анықтама
Баяхметов Бақытжан Кәкенқажыұлы
2385
Қазіргі лауазымы: Семей қаласының әкімі
Туған жылы: 1970 жылдың 29 тамыз
Туған жері: Семей облысы, Аягөз қаласында туған.
Білімі: 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институты, инженер-электрик,
2008 жылы Алматы Орталық Азия университеті, экономист мамандықтары бойынша бітірген.
1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінің, Аягөз электр торабының инженері,
1999-2000 жылдары Жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы,
2000 жылы «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның техникалық қамтамасыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы,
2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері,
2001-2002 жылдары Аудандық электр торабының бөлім басшысы,
2002-2004 жылдары Аудандық электр торабының бастығы,
2004 жылы «ВКРЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының мүдірі, Аудандық электр торабының бастығы,
2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы,
2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары,
2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры,
2009 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінің мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы,
2009 жылғы сәуірінен Қазақстан Республикасының мәдениет және информатика Министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің есеп басқармасының бас эксперті,
2009 жылғы маусымынан Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті,
2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2010 жылдың қарашасынан Аягөз қаласының әкімі.
2014 жылдың шілдесінен Ұлан ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
2014 жылдың желтоқсан айынан Аягөз ауданының әкімі.
2019 жылдың сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылдың маусымынан бастап Семей қаласының әкімі