Анықтама
Баттақов Ерлан Еркінұлы
1160
Қазіргі лауазымы: Сауда және интеграция бірінші вице-министрі
Туған жылы:1969 жылғы 9 қазан
Туған жері: Қарағанды қаласында туған.
Білімі: 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.
1995 жылы - «Алатау Инвест» инвестициялық өндірістік қорының бас маманы.
1996 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.
1996 - 2007 жылдары - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры.
2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.
2008 - 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.
2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2012 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.
2017 - 2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары.
2019 жылдын 21 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы қызметінен босатылды.
2022 жылдың 13 қаңтарында Үкімет Қаулысымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.