Анықтама

Баталов Амандық Ғаббасұлы

4663

Қазіргі лауазымы:


Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/AmandykBatalov 

Туған жылы: 1952 жылы 22 қарашада

Туған жері: Өзбекстанның Нөкіс қаласында дүниеге келген. 

Білімі: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.


1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық.


1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.


1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.


1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.


1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті. 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.


1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.


1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.


1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.


2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.


2008 жылғы сәуірден бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 

2014 жылдың тамыз айында Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

2021 жылы қызметінен босатылды


«Құрмет» (2008) орденімен, «Астана», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы