Анықтама
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы
1850Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1969 жыл 2 наурыз
Туған жері: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Білімі: 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша;
1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы көп партиялы жуйенің пайда болуының әлеуметтік-саяси негіздері (1985-1993)».
Қазақстан, Ресей, Украинада басылып шыққан кітаптардың, оның ішінде: «Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: кадрлі саясаттың этникалық аспекттері» (тең автор, 1993),
«Қазақстан: 1994 жылғы парламенттік сайлауларының партиялық аспекті» (1994),
«Қазақстан Республикасы: XXI ғасыр табалдырығындағы қызыл таң сәрі ме?» (біріккен автор, 1996); 50 астам ғылыми жарияланымдардың, мақалалар мен кітапшалардың авторы.
1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.
1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.
1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
2006 жылдың ақпан айынан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
2008-2019 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары
2022 жылы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ басшысы
2022 жылы 2 қыркүйекте ОКҚ басшысы қызметінен босатылды
«Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);
«Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);
«Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);
«Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);
«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2005), 3 медальдармен марапатталған. Мәдениет қайраткері (2008).