Анықтама

Умаров Асқар Қуанышұлы

687

Қазіргі қызметі: Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Туған жылы: 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылдың 19 тамызынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінде.

022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

2022 жылы 2 қыркүйекте Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы