Анықтама
Марс Алмабек Марсұлы
2107Қазіргі лауазымы: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1976 жыл
Туған жері: Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Еуразия академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Нар» АҚ вице-президенті ретінде бастаған.
2000-2010 жылдар аралығында АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында түрлі лауазымдарды атқарған.
2010-2011 жылдары — АШМ АӨК МИК фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы.
2011 жылдан бастап АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдың 14 қаңтарынан - ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.