Анықтама
Ахметов Қайрат Жұмашұлы
3071Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1965 жылы туған
Білімі: 1987 жылы агрономия мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылық институтын аяқтады.
Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Каменск-Уральский» совхозы бөлімінің агрономы болып бастаған.
1988 жылғы сәуірден бастап 1989 жылғы қаңтар аралығында – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Каратальский» совхозының инженер-гидротехнигі.
1989 жылғы ақпаннан бастап 1993 жылғы мамыр аралығында – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Новонежинский» совхозы бөлімінің меңгерушісі, бас агроном, экономист.
1993 жылғы мамырдан бастап 1994 жылғы қыркүйек аралығында – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Казанбасский» совхозының бас агрономы.
1994 жылғы қыркүйектен бастап 1997 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Казанбасский» ужымдық кәсіпорнының атқарушы директоры, директоры.
1997 жылғы наурыздан бастап 2000 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Казанбасский» «Кызыл-Тан» ЖШС директоры.
2000 жылғы наурыздан бастап мемлекеттік қызметке орналасты. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2002 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы сәуір аралығында – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.
2006 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы қыркүйек аралығында – Қостанай облысы ауыл шаруашылық департаментінің директоры.
2007 жылғы қыркүйектен бастап 2010 жылғы қазан аралығында – Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі.
2010 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы маусым аралығында – Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі.
2016 жылғы шілдеден 2019 жылғы ақпанға дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі.
2019 жылғы 1 ақпаннан - 2019 жылдың қазанына дейін Қостанай қаласының әкімі болды.