Анықтама
Құттымұратұлы Әлимұхаммед
2087Қазіргі лауазымы: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Туған жылы: 1983 жылы 12 тамыз
Туған жері: Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келген,
Білімі: 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика,
2012 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін аяқтап,
2017 жылы Ресей Федерациясы жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі мамандығы (Master of Public Administration (MPA) бойынша білім алған.
2004-2006 жылдары Ақтөбе қаласында коммерциялық мекемелерде жабдықтаушы болып жұмыс атқарды.
2008-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман;
2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бөлім басшысы;
2012 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары;
2012-2013 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
2013-2016 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;
2016-2017 жылдары Махамбет ауданының әкімі;
2017-2018 жылдары Жылыой ауданының әкімі.
2018 - 2020 жыдары Атырау қаласының әкімі
2020 жылы «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары қызметінде болды.
2021 жылдың 12 қараша айынан бастап Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары болып тағайындалды.