Анықтама

Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы

5024

Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Сенатының төрағасы



Әлеуметтік желідегі аккаунттары: https://www.facebook.com/m.ashimbayev

  • Туған жылы: 1971 жыл 28 қаңтар
  • Туған жері: Алматы қаласы
  • Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген.
  • Саяси ғылымдарының кандидаты.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.


1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 


1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 


1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.


1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 


2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 


2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 


2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 


2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.


2012-2018 жылдары – V және VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 


2018 жылы 1 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.  


2019 жылдың 30 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2019 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды


2003 жылы Джонс – Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.


2016 жылы Тафтс университетінің (Tufts University) жанындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (The Fletcher School of Law and Diplomacy) бітіріп, халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған


Марапаттары «Құрмет» ордені «Парасат» ордені

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы