Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық

Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды. Экономист Айбар Олжаевтың айтуынша, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы басты айырмашылық – пайыздық өсімде емес, ішкі жалпы өнімнің нақты көлемі мен сапасында.

Кейінгі кезде Өзбекстан өзін жаңа экономикалық модель ұсынушы ел ретінде көрсетуде. Халықаралық форумдарда серпінді даму, ашықтық, цифрландыру туралы жиі айтады. Бірақ мәселенің түбіне үңілсеңіз, бір заңдылықты байқауға болады. Өзбекстан Қазақстан әлдеқашан жүріп өткен жолды қайталап келеді. Онысы өте дұрыс. Себебі Қазақстан қазір ұлттық мүдделеріне толық сай келетін, теңгерімді сыртқы саясат ұстанатын жағдайға жетті. Сондай-ақ әділетті әлемдік тәртіп қалыптастыруға үлес қосып келеді, - деді ол.

Экономист ресми статистиканы мысалға келтіреді. Оның айтуынша, былтыр Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі 7,7 пайызға өсіп, 147 миллиард долларды құраған. 

Экономикалық көрсеткіштерде Өзбекстандағы ішкі жалпы өнім көлемінің өсу қарқыны пайыздық тұрғыда жоғары секілді көрінеді. Ресми статистиканы тереңірек зерттесеңіз, мәселе мүлдем бөлек. Былтыр Өзбекстан ІЖӨ-сі 7,7 пайызға ұлғайып, 147 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6,5 пайызға теңесті. Бірақ ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты. Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы табыс, еңбек өнімділігі, урбанизация деңгейі, қаржы нарығы бойынша Қазақстан әзірге сенімді түрде алда, - деді Айбар Олжаев.

Цифрландыру мәселесіне тоқталған сарапшы Өзбекстанда электронды қызметтер мен цифрлық шешімдер көбіне әкімшілік бақылау аясында қалып отырғанын атап өтеді. Ал Қазақстанда бұл процесс қоғам мен бизнестің күнделікті өміріне терең сіңіп, экожүйелік деңгейге жеткен.

Цифрландыру мәселесінде де жағдай ұқсас. E-gov, цифрлы қызметтер туралы көп айтылады. Алайда жүйелік тұрғыдан алғанда, Өзбекстандағы цифрландыру әкімшілік бақылаудан толық арылған жоқ. Қазақстанда бұл процесс қоғам мен бизнеске әлдеқайда терең сіңіп, экожүйелік деңгейге шыққан. Тіпті, еуропалықтардың өзі онлайн, qr арқылы төлемге таңғалып жатады. Бұл жерде негізгі мәселе Өзбекстанда емес. Көрші елдің реформалар жүргізуге талпынысы түсінікті әрі дұрыс қадам. Қазақстан бұл жолды әлдеқашан жүріп өтті. Сыртқы имиджге, түрлі рейтингтерге сенді. Дегенмен қазір басқару сапасы, ұзақ мерзімді дамуға басымдық береді. Сондықтан Қазақстан аймақтағы күн тәртібін қалыптастырып отырған ел. Ал Өзбекстан соған бейімделіп, біздің жүріп өткенімізді саралап, барынша дамып келе жатқан мемлекет, - дейді қаржы сарапшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы