Жалпы жаңалықтар
-
«Болашақ» керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов
Астана, BAQ.KZ. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов бүгінгі таңда ТМД елінде танымал бизнес-тренер, теолог Шамиль Аляутдиновпен кездесті.
21.02.2019
-
ІІМ-нің бастамасымен балаларға арналған қайырымдылық концерт өткізілуде
Астана, BAQ.KZ. ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасының шеңберінде республиканың әр өңірінде қазақстандық эстрада әншісі, «Азия дауысы» фестивальдерінің және «Дарын» конкурсының лауреаты Бейбіт Корганның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концерті өткізілуде.
21.02.2019
-
Жастар жылы. Жастар мәселесі мен болашағы талқыланды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында сарапшылар «Тәуелсіз Қазақстан жастарының құндылықтары мен күтілімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында қазақстандық жастардың әлеуметтік ахуалы, құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын талқыға салды.
21.02.2019
-
Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Астананың сол жағалауында ботаникалық саябақ ашылған болатын. Бүгін осы бақта цитрус жемістері мен банан отырғызылды.
21.02.2019
-
Оқушылардың қолынан шыққан «тәп-тәтті кітаптар»
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет «Tasty books» фестивалі өткізілді. Оқушылар өздері сүйіп оқыған кітаптарын бейнелейтін кондитерлік өнімдер әзірледі.
21.02.2019
-
Профессионал. Әуежай сақшысы Турман
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалаған уақытыңда әлемнің кез-келген жеріне ұшып бара алатындай жағдайға жеттік. Ұшақтар көбейіп, рейстер ашылып, әуежайлар да кеңейіп жатыр.
21.02.2019
-
Әскери бөлімдерде жауынгерлік атыс-жаттығулары өтуде
Астана, BAQ.KZ. Бөлімшелердің далалық машықтығы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының «Оймаша» және Ақтөбе облысының «Есет батыр» оқу полигондарында жауынгерлік ұрысқа барынша жақындатылған жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтіп жатыр.
21.02.2019
-
Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Иран арасында 500 тонна сиыр етін экспорттау бойынша келісімшарт жасалған. Осы келісім негізінде Қазақстаннан Иранға жөнелтілетін еттің алғашқы партиясы дайындалып жатыр.
20.02.2019
-
Қабырға сынған қолкүрес. Шардаралық Шынболат vs аңыз адам «Кобра» Родс
Шымкент қаласы және Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Армрестлинг спортының аңызына айналған америкалық Эндрю «Кобра» Родс шардаралық армрестлер Шынболат Райхановпен қол күресте екі қабырғасын сындырып алған. «Кобра» лақап атымен танымал Эндрю Родс өзін әлем чемпионатынан шеттеткен сол бір оқиға туралы Қазақстанға келген сапарында айтып берді. 17-18 ақпан күндері Шымкенттегі Жеңіл атлетика кешенінде Владимир Залманович Дрекслердің 80 жасқа толуына арналған қолкүрестен Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтті. «Кобра» Родс осы чемпионатқа құрметті қонақ ретінде шақырылыпты. Чемпионат басталардан бұрын баспасөз-конференциясы болды.
20.02.2019
-
Астанада шаxматтан әлем чемпионаты өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 4-5 наурыз күндері Астанада классикалық шаxматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде өткен баспасөз-конференциясында. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
20.02.2019
-
Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталған орталықтың салтанатты ашылуы болды.
19.02.2019
-
Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада ашылған Хирургия және флебология орталығында варикозды ауруды заманауи әдіспен диагностика жасайды және емдейді. Әйелдер арасында бұл дерт түрі ер адамдарға қарағанда үш есе жоғары болады.
19.02.2019
-
Ақтөбеде ақырғы балалар үйі жабылды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында жетім балаларға қатысты мәселелер тиімді шешілуде. Аймақта ағымдағы жылдың қаңтар айында осыдан 10 жыл бұрын 585 бала тұрған жалғыз балалар үйі жабылды.
19.02.2019
-
Ақтөбеде өрт болып, бір отбасы баспанасыз қалды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қаласы маңындағы Құрылыс-1 саяжайында өрт шығып, бүтін бір отбасы баспанасыз қалды. Оқиға 16 ақпанда күндізгі сағат 13.00 шамасында болған. Үш бөлмелі тұрғын үйдің пешінен өрт шыққан. Сол мезетте баспанада 4 адам болыпты. Үшеуі бала.
18.02.2019
-
Бубновский: Жағдайыңды жасыңа қарап анықтайтын дәрігерден сақтан
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Адам тісін күніне екі рет жууды қалай әдетке айналдырса, омыртқасы мен буындарына күтіммен қарап, күн сайын жаттығу жасауды да әдетке айналдыру керек. Бұл туралы Астанада өткен «Омыртқа және буын» семинарында кинезитерапия – емдік дене шынықтыру жөніндегі жетекші маман Михаил Бубновский айтты.
18.02.2019
-
Элизабет Тұрсынбаева жас спортшыларға кеңес берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Төрт құрлық чемпионатында» күміс медаль алған мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева елге оралды. Ол туған күнінде жанкүйерлерімен кездесіп, ізінен ерген жас спортшылардың сауалдарына жауап берді.
15.02.2019
-
Димаш Испанияда түсіріліп жатқан бейнебаянынан сурет жариялады
Астана, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Испанияда түсіріліп жатқан жаңа бейнебаянынан алғашқы кадрлар көрсетілді. Суреттер қазақстандық әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
14.02.2019
-
Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді
2Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «Айка» кинокартинасының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға фильмнің режиссері Сергей Дворцевой мен басты рөлді ойнаған актриса, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Самал Еслямова қатысты.
13.02.2019
-
Қарағанды жайлы сіз білмейтін 10 дерек
Қарағанды, Baq.kz тілшісі. Кеше Қарағандыға қала мәртебесі берілгеніне 85 жыл толды. Осыған орай еліміздің орталығында орналасқан алып шаһардың өзіндік ерекшелігі мен қазақстандықтар білмейтін қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
11.02.2019
-
Латын графикасын пайдалану бойынша арнайы жобалар таныстырылды
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты IT-тұсаукесер өтті.
11.02.2019