Жалпы жаңалықтар
-
100 жаңа есім: Қос операцияны қатар жасайтын дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2014-2015 жылдары Қазақстанда бірінші рет микрохирургиялық операциялар жасай бастадым. Ол кезде мұндай ота ТМД бойынша екі-үш жерде ғана жасалатын. Бұл туралы «100 жаңа есім» жобасына қатысушы әрі онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары Дәурен Әділбай сұхбаттасу кезінде айтты.
13.04.2019
-
Ақтаулық оқушылар өздері жасаған зымырандарын ұшырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарышкерлер күні Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мектеп алаңында 8 зымыранды көкке ұшырды.
12.04.2019
-
«Абылай хан резиденциясы» – Тобыл өңірінде
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің көшпелі көрмесі Қостанайға келді. Ы.Алтынсариннің мемориалды музейінде «Ордасы ұлы Абылайдың» деген атпен қойылған көрменің салтанатты ашылуына өңірдегі тарихшы ғалымдар мен қаламгерлер қатысты.
12.04.2019
-
Қызылорда облысында табысты мұғалімдер марапатталды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында «Табысты мұғалім академиясы» атты педагогикалық үздік идеялар байқауы өткізілді.
12.04.2019
-
Түркістанда Әл-Фараби туралы мультфильм түсірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анимациялық фильмді түсірудегі мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, адал әрі білімді болуға шақыру. Ұлы тұлғаларға, тарихқа деген құрметті ояту.
12.04.2019
-
Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қапшағай маңындағы «Жағалау» полигонында десантты шабуылдаушы жасақтарының әскери оқу-жаттығулары өтті. Арам ниетті қарулы топ Қапшағай ауданындағы СЭС-тің көпірін жарып жіберген және еліміздің қарулы күштерін Іле өзенінің оң жағалауына шығармас үшін бар күштерін сонда жұмсайды.
12.04.2019
-
Джиу-джитсуден Әлем кубогына қатысқан 5 қазақстандық алтынға қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық 5 спортшы Тайланда джиу-джитсуден студенттер арасында өткен Әлем Кубогында 5 алтын жүлдеге қол жеткізді.
12.04.2019
-
Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
11.04.2019
-
Тоқаев Ақтаудағы бірқатар мекеменің жұмысымен танысып қайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға және кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталық барып, мекемелердің жұмыс барысымен танысып қайтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.04.2019
-
Абзал Мұхимов: Басты мақсат – адамдардың бойында жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттің қалыпты дамуына кері әсер ететін, экономиканың дамуын тежейтін факторлардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Ал, осы сыбайлас жемқорлықтың белең алмауына, оның алдын алуда ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінің жоғары болуы, әкімшілік кедергілердің болмауы заңдылық. Елбасы Алаштың анасына теңеген Сыр өңірінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар төңірігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимовпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
11.04.2019
-
Талдықорғанда дүниеге келген үшемге 3 бөлмелі үйдің кілті берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта Бауберіковтер әулетінде дүниеге келген үшемнің отбасына үш бөлмелі тұрғын үйдің кілті сыйға тартылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
11.04.2019
-
Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ғылым-білім-өндіріс ықпалдастығының нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет түйенің бұқтырылған етінен жасалған консервілер өндіретін шағын зауыт іске қосылды.
11.04.2019
-
Павлодар облысында иісшіл иттердің көмегімен 160 қылмыстың беті ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызметтік иттер марапатталды. Полицейлердің серігіне айналған төрт аяқтылар төсбелгілерге ие болды.
11.04.2019
-
Қазақстанда тіркелген 58 вакцинаның басым көпшілігі Еуропадан жеткізіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Егер адам екпе қабылдаралдында тұмаумен немесе басқа да аурумен сырқаттанып жүрсе екпе теріс әсер етеді. Бұл туралы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Арнұр Нұртаев Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
11.04.2019
-
Түркістан облысында ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы 20% көтеріледі
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жұмыс тобын бастап келген болатын. Іссапар барысында Министрлік өкілдері өңірдегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасының тапсырмасына сәйкес жалақының өсуі, медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырып бойынша семинар өткізді.
11.04.2019
-
Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы өтіп жатыр.
11.04.2019
-
Әбдіқалықова 11 көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Шымкентке келді. Олар жұмыс сапарының бірінші күні қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында вице-премьер көпбалалы отбасына пәтер кілтін тапсырды. Бұл пәтерлердің барлығы да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған.
11.04.2019
-
Шымкентте 77 725 адам атаулы әлеуметтік көмек алуы мүмкін – Сапарбаев
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 сәуірден бастап есептелетін жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 830 мың азаматтың мүмкіндігі бар. Оның 77 725-і Шымкентте тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
11.04.2019
-
Жастар арасындағы комикстер байқауының жеңімпаздары анықталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Зорлық-зомбылық экстремизмінің қатерін біл!» сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқау 2019 жылдың 15 қаңтарынан 25 ақпаны аралығында «Тағдыр бейнесі» жобасы аясында жасөспірімдер мен жастардың медиасауаттылығын арттыру, жастар арасында зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру мақсатында өткізілді.
10.04.2019
-
40 жыл бұрын Қытай кедей ел болды – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай 40 жылда бүгінгі жетістігіне жету үшін реформа мен ашық саясатты бастады. Бұл туралы бүгін Ұлттық музейде Қытай реформасы мен ашық саясатының 40 жылдығына орай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен қытай-қазақ құрылысындағы жетістіктерге арналған фотокөрменің ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтты.
10.04.2019