Жалпы жаңалықтар
-
Павлодарда 2023 жылға дейін апатты сегіз үй сүріледі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында апатты деп танылған үйлерді сүру жұмыстары жалғасын табады. Биылғы жылы бұрынғы Алюминстрой шағын ауданындағы сегіз екіқабатты нысан бұзылады. Ал тұрғындар пәтерлермен қамтылады.
17.02.2021
-
Атақты француз балуанын 24 секундта жеңген қазақ қызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кезінде Қазақстан дзюдо құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан Келбет Нұрғазинаны жоғалтып алғандар көп. Дзюдодан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерімен жақында жолығып, емен-жарқын әңгіме құрған едік.
16.02.2021
-
Илон Маск ұйымдастырған байқаудың финалисі ИИДМ басшысына электромобилін көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды.
16.02.2021
-
Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай елордадағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.
15.02.2021
-
Генерал-майор: Ауған соғысына бір күн қатысқан адам – қаһарман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ауған соғысында болған әрбір жауынгер мен офицерді еске алу мақсатында генерал-майор Бақытжан Ертаев жастармен кездесті.
15.02.2021
-
Бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтайтын Баянауыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл таза емдік ауа, жоғары биік тік жартастармен, қалың қарағайлы ормандармен қамтылған керемет сұлу табиғат алаңы. Қазақ жері туралы жылы естеліктер мекені. Ендеше оқырман назарына осы өлкеден фоторепортаж ұсынамыз.
15.02.2021
-
Атырау тазалығын әуеден дрондар бақылайды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда қоғам белсенділері ерекше жобаны қолға алды. Олар қала тазалығын дрондармен бақылауға алған. Бұл жобаны «Қыран» деп атаған.
15.02.2021
-
Корей мәдени орталығы Сольналь мерекесін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығы ай күнтізбесі бойынша келген жаңа жыл мерекесі – Сольнальды атап өтті.
15.02.2021
-
Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұланның жедел құрамының 4-жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасары Арман Әбдірасылов жас сарбаздардың жауынгерлік жолы туралы айтып берді.
15.02.2021
-
«Esil winter». Шаңғышылар фестивалі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордалық Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Esil winter» шаңғы фестивалі өтті.
14.02.2021
-
Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобус аударылып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобустың аударылып қалған видеосы тарады.
14.02.2021
-
Қазақстан – татулық пен достық мекені
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық Достық үйінің мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Шараға құрылым басшылары қатысты.
13.02.2021
-
Маңғыстаудың зиялы қауымы Президенттен Бозжырадағы жаңа туризм жобаларын қолдауды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының зиялы қауым өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бозжыра аумағындағы жаңа туризм жобаларын құруын қолдап үндеу жолдағаны туралы, өзінің Facebook-тегі парақшасында Ербол Еділов жариялады.
13.02.2021
-
«Жол картасы»: Қазалыда 42 жоба іске асты
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңіріндегі іргелі аудандардың бірі – Қазалы. Бұл ауданда бір жылда не жұмыс істелді, қандай нәтижелерге қол жетті? 2021 жылға жоспар қандай? Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевты осы сауалдарға жауап берді.
13.02.2021
-
Ғалым: Тілді қорғау – біздің міндетіміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр сөздің өз орны бар, дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, PhD доктор Ермұхамет Маралбек.
12.02.2021
-
14 ақпанда тек Әулие Валентин күні тойланбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінде Ресей мәдени және білім орталығының қолдауымен «Шын жүрекпен кітап сыйла» акциясы өтті. Оған жас бүлдіршіндер мен ата-аналар қатысты.
12.02.2021
-
Масқара жағдай болды. Президент пара алған Жоғарғы сот судьясы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
12.02.2021
-
Сара Назарбаева 80 жаста
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 12 ақпанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, 28 жыл бойы еліміздің бірінші ханымы болған Сара Алпысқызы 80 жасқа толып отыр.
12.02.2021
-
Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы мұражайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
11.02.2021
-
Әлияның ізімен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады.
11.02.2021