Жалпы жаңалықтар
-
Маралды көлінде туристік маусым ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Маралды тұзды көлінде туристік маусым ресми түрде ашылды. Қазіргі уақытта жүздеген тынығушы көлдің шипалы суына түсіп, батпағымен емделіп жатыр.
13.06.2022
-
«Air Astana» Мәжіліс депутатына ұшақта адам өмірін құтқарғаны үшін алғыс білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Air Astana» әуе компаниясы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовке 30 сәуірде Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді.
13.06.2022
-
Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық қорғаныс әскерлері 2017 жылғы 13 маусымда құрылған болатын. Олардың міндетіне халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсыластың түрлі әрекеттерінен, диверсиялық немесе террорлық актілерден қорғау кіреді.
13.06.2022
-
Алматылық волонтерлер биыл мыңнан астам тұрғынға көмектесті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар оқиғасы кезінде волонтерлер қиын жағдайда қалған мыңнан астам тұрғынға көмектесті. Бұл туралы «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
13.06.2022
-
21 қалада йога күні атап өтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтандағы Үнді мәдени орталығында қазақстандықтар үшін сегізінші жыл қатарынан Халықаралық йога күні салтанатты түрде ашылды.
13.06.2022
-
«Атырау-Астрахань» тас жолының тағдыры қалай шешіледі?
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында «Атырау-Астрахань» тасжолының тағдыры қашан шешілетінін біліп, қазір қандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанына куә болдық.
12.06.2022
-
Әскери теңізшілер іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті.
11.06.2022
-
Әлихан Смайылов Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевті таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысы ҚР Президенті өңір басшылығының алдына бірқатар маңызды міндет қойғанын, оның ішінде облыстың басқару органдарын Қонаев қаласына көшіру, одан әрі экономикалық даму және әлеуметтік проблемаларды шешу жөніндегі міндеттерді белгілеп бергенін атап өтті.
11.06.2022
-
Мәслихат жиыны облыс активіне ұласты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәслихат жиыны облыс активіне ұласты. Жиналғандарға Ұлытау облысының судай жаңа әкімі таныстырылды.
11.06.2022
-
Ашық дауыс беру нәтижесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды.
11.06.2022
-
Еліміз әскерилері халықаралық әскери конференцияға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың жалпы басшылығымен ҰҚШҰ әскерлерінің бірлескен байланыс жүйесі мен автоматтандырылған басқару жүйесін құру және оларды дамыту мәселелері жөніндегі конференция өтті.
11.06.2022
-
Ақтауда жаңа мешіт ашылды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда жаңа мешіт бой көтерді. Жаңа шағын аудандағы құлшылық үйінің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келді .
11.06.2022
-
Назарбаев Университетінің түлектеріне 1394 ғылыми дәреже берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 10 маусымында Назарбаев Университетінде студенттердің VIII оқу бітіру салтанаты өтті. Бұл Covid-2019-ға байланысты екі жылдық шектеулерден кейін университет кампусында түлектерге құрмет көрсетудің алғашқы рәсімі.
10.06.2022
-
Елордада қоғам мәселесін көтеретін қойылымның премьерасы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры авторы Эдуард Олбидің «Зоопарк» психологиялық абсурд жанрындағы өзінің кезекті жаңа қойылымның премьерасын көрермен назарына ұсынады.
10.06.2022
-
Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
10.06.2022
-
Үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады.
10.06.2022
-
Алматыда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы комитетің отырысы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Қорғаныс министрліктерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының өкілдері қатысты.
10.06.2022
-
Павлодарлық қан тамырлар хирургтері жаңа операция түрін меңгерді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің қан тамырлар хирургтері кіші жамбас варикозын жою операциясын меңгерді. Жергілікті дәрігерлер үшін шеберлік сағатын Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 аурухананың мамандары өткізді.
10.06.2022
-
Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары Ұланбел ауылдық округінен басталды. М. Әуезов атындағы орта мектептің жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқу ордасын аралап көрді.
10.06.2022
-
Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша шеберлік сабағы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Үздіксіз білім алу және шеберлік сабақтарға қатысу Жүрек орталығы қызметкерлерінің жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Жаңа білім мен халықаралық тәжірибе соңғы жетістіктерге қатар жүруге және отандық медицинаны дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2022 жылғы 7-8 маусымда Орталық қабырғасында кезекті шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушыларға аутотрансфузия жүйесі ұсынылды.
10.06.2022