Жалпы жаңалықтар
-
«Барыс» ХК матчы алдында Қазақстанның ең үлкен байрағы жайылды
Астанада, елордалық «Барыс» клубы мен «Витязь» арасындағы матч алдындағы шоуда, Қазақстанның ең үлкен байрағы жайылды. Оның көлемі – 800 шаршы метр. Елордамыздың бас флагштогындағы жалаудың көлемі – 450 шаршы метр екенін айта кетейік, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.11.2022
-
«Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық мектепті жабдықтайды
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Ертіс ауданындағы ауыл мектебінің материалды-техникалық базасы нығая түсті. Білім беру ошағындағы 34 кабинет жаңғырды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
09.11.2022
-
Дүйсенова Ақмола облысы жастарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі белсенді жастармен, еріктілермен, жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.11.2022
-
Атырауда полипропилен өндіретін кешен іске қосылды
Орталық Азиядағы ең үлкен газ-химия кешені жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге қауқарлы. Кәсіпорынның арқасында облыстағы 600 ден астам азамат қызметке орналасты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
09.11.2022
-
Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.11.2022
-
Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады
Астанада Әлібек Қуантыров «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.11.2022
-
Әуесқой-орнитолог Ертіс өңірінде тіршілік ететін 200-ден астам құс түрін фотоға түсіріп алған
Ертіс өңірінің тұрғыны Кәрімжан Жәкенов зейнеткерлікке шыққан соң фотоға ден қойып, бұл өнердің «бердинг» бағытында шеберлігін шыңдап келеді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
09.11.2022
-
Шанхай: Болашақтың қаласы, Шығыс інжуі, қаржы орталығы
Қытайдағы ең үлкен әрі бай қаланың бірі – Шанхай. Халық саны шамамен 2021 жылғы көрсеткіш бойынша 25 млн-ға жуықтаған. Ал ЖІӨ 2021 жылы 4,32 трлн юаньға дейін өсіп, әлемде 4-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.11.2022
-
Парадзюдодан әлем чемпионаты: Ерғали Шамей ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Ерғали Шамей финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 ұпайымен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Жапония елшісі әскери жоғары оқу орнында дәріс өткізді
Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йамада Жун Ұлттық қорғаныс университетінде болып, тыңдаушыларға дәріс оқыды, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Теріскейлік мектеп оқушысы ауаны тазартатын қондырғы жасап шығарды
Солтүстікқазақстандық мектеп оқушысы ауаны тазартуға арналған қондырғының жобасын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдегі тілшісі.
08.11.2022
-
Астаналық қос парадзюдошы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Астаналық Ақмарал Науатбек Бакуде өтіп жатқан Парадзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Мемлекет басшысы газ-химия кешенін іске қосты
Президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-на қарасты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Антикор басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэтрин Джейн Личпен кездесті, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Азия чемпионаты: Ел құрамасының еншісінде 21 медаль бар. Ендігі қарсыластары кім?
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Иордания астанасы Аммандағы XXXII Азия чемпионатынан кем дегенде 21 жүлдемен оралады, деп хабарлады BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.11.2022
-
Әскери қарауыл. Тәжірибе мен тәртіп
Әскерде Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып 1999 жылы ата-анамның ортасына аман есен оралдым. Мен әскерден келген жылы, мені екі жыл бойы әскерден күтіп жүрген Назымгүлге сөз салып, ата – анаммен таныстырып шаңырақ көтередім.
08.11.2022
-
Дәурен Абаев қазақстандық мультипликаторлармен кездесті
Жас суретші-мультипликаторлар, аниматорлар және анимациялық кино саласындағы мамандар нарықты отандық мультфильмдерге толықтыруға әрі халықаралық прокатқа шығуға ниетті. Мемлекет индустрия мамандарына белсенді қолдау көрсете бастады, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Мердігерлік ұйымдар жолдың сапасына жауап беруі тиіс - ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті
«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында ИИДМ-де бизнес-қауымдастық өкілдерімен және қызығушылық танытқан азаматтардың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылды
Қарағанды облысында Борлы кен орнында катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
08.11.2022
-
Жетісулық кәсіпкер саумал мен балдан сабын жасайды
Жетісу облысы Қапал ауылының тұрғыны Нұржанат Ердәулетқызы ерекше өнім шығарып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2022