Қоғам
-
Астанада Re.Women «Әйел – әлемнің жарығы» форумы өтті
Елордада Re.Women Astana әйелдер қауымдастығының «Әйел – әлемнің жарығы» атты форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Шымкентте Beine.Pro интернет журналының тұсаукесері өтті
Шымкентте визуал медиа — Beine.Pro интернет журналының тұсаукесері өтті. Kiiz space өнер кеңістігінде ұйымдастырылған іс-шараға өңір журналистері, медиа сарапшылар, түрлі саланың кәсіби мамандары, бұған дейін жасаған контенттің кейіпкерлері, баспасөз хатшылары мен бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.10.2025
-
"Салауатты сана" керуені
«...Мен Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталдым. ...Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды».
01.10.2025
-
Келешек мектебінің басты құндылығы – экологиялық саналы ұрпақ
Қостанай қаласы №32 мектептің «Келешек мектептері» жобасы аясында жас экологтармен жұмыс жүргізу – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Қазіргі заманда экологиялық білім мен тәрбие беру тек мектеп қабырғасындағы пәндік біліммен шектелмей, балалардың практикалық дағдыларын дамытуға, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуына жол ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.09.2025
-
Мемлекеттердің біріккен күш-жігері ғана сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді – елші
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық басқару бастамасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдап, бірден өз қолдауын жеткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
Жасанды интеллект отбасы тәрбиесіне қалай әсер етеді?
Астана қаласында Президент Жолдауына орай ұйымдастырылған «Отбасы басты назарда: қазіргі сын-тегеуріндер мен бағдарлар» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.09.2025
-
Маңғыстау облысында құдық қазу ісіне мемлекеттік қолдау артып келеді
Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құдық қазу ісіне мемлекеттік қолдау артып келеді. Соңғы үш жылда 47 құдық қазуға 238 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
24.09.2025
-
Ұлттық архивте "Ашық есік күні" өтеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-і «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы негізінде 2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Ашық есік күнін» өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.09.2025
-
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Open Day өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде еліміздің HR мамандары үшін «HR цифрландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында Open Day өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.09.2025
-
Ғайни Аймағанбетова: Медициналық қызметтерге жасанды интеллект арқылы бақылау күшейтіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа бақылау жүйесін жасанды интеллект негізінде құруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.09.2025
-
"Ақ бидай – 2025" ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – "Ақ бидай – 2025" республикалық ойындары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.09.2025
-
"Ауыл" партиясы Жолдауды жүзеге асыруға кең көлемде атсалыспақ
Бүгін Астанада «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған республикалық партиялық активтің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.09.2025
-
Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жаңа авиациялық алтын көпірге айналуда
2025 жылғы 10-11 қыркүйек күндері Алматы қаласында Third CANSO Euro-Asia ANSP’s CEO Summit – CANSO Еуроазиялық өңірінің аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлері бас директорларының қатысуымен халықаралық өңірлік кеңес өтуде. Оған Еуропа және Азияның аэронавигациялық провайдерлерінің басшылары, сондай-ақ ғаламдық авиациялық институттардың өкілдері қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.09.2025
-
Жаңа дәуір, жаңа міндет: Президент Жолдауындағы жеті басымдық
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университтетінің Басқарма төрағасы - Ректорының міндетін атқарушы Суатай Сабит Құрманжанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күнікеше Қазақстан халқына жасаған Жолдауына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.09.2025
-
Президент Жолдауы: Жаңа дәуірдің бастамалары
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдай отырып, еліміз үшін аса маңызды жаңа бағыттар айқындалды. Президент көтерген мәселелердің өзегі – әділетті қоғам құру, экономика мен білімді жаңа сатыға шығару, заманауи технологияны батыл енгізу. Мұндай пікірді Arman-PV баспасының бас директоры Дидара Алина білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.09.2025
-
Әлем көшбасшылары Астанада
VIII Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбымен 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.08.2025
-
Астанада әлемді өзгертетін идеялар айтылады
13-14 қыркүйек күндері Астанада TEDxAstana 2025 конференциясы өтеді. Қаланың зияткерлік және мәдени өміріндегі маңызды шаралардың бірі биыл “Мұра” тақырыбымен өтпек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.08.2025
-
Конституцияның 30 жылдығы: 2 мыңға жуық қазақстандық тегін заң кеңесін алды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді
15.08.2025
-
Жаңаөзенде «Біліміміз - елімізге» атты волонтерлік жоба өтті
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында “Біліміміз - елімізге” атты волонтерлік жоба аясында халықаралық деңгейдегі мамандар тегін медициналық және кәсіпкерлік кеңес берді. Бұл жоба “Болашақ” халықаралық стипендиясы түлектері Қауымдастығының Алматы бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.07.2025
-
«Террорсыз Түркия»: Анкарада 15 шілде оқиғасын еске алды
15 шілде Түркияда «Демократия және бостандықты қорғау күні». 2016 жылдан бері бұл дата мемлекеттік деңгейде аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.07.2025