Жаңалықтар
-
Атырауда "Елордамыз - Нұр-Сұлтан" атты мерекелік концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан астанасына жаңа ат берілуін қолдауға ниет білдірген үш мыңға жуық адам жиналды. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
25.03.2019
-
Экс-әкім Көкшетауға қандай өзгеріс әкелді?
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Іргетасы 1824 жылы қаланған Көкшетау қаласына биыл 195 жыл. Соңғы жылдары курортты аймақта ілкімді істер атқарылды. Көпшілік өңірдегі оң өзгерістерді қаланы төрт жылдан аса уақыт басқарған Ермек Маржықпаевтың есімімен байланыстырады.
25.03.2019
-
Оралда «Нұр-Сұлтан – менің елордам!» атты жастар форумы өтті
Орал, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласында «Нұр-Сұлтан» – менің елордам!» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Шара мақсаты – еліміздің бас қаласының атауы «Нұр-Сұлтан» деп өзгеруіне қолдау білдіру.
25.03.2019
-
Қытай билігі Ертісте балық аулауға тыйым салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР-ның Ресей және Қазақстанмен шектесетін Алтай округінің билігі флора мен фаунаны сақтап қалу мақсатында Қара Ертіс пен тағы басқа 54 өзенде балық аулауға бір жылға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады.
25.03.2019
-
Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.03.2019
-
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Нұр-Сұлтан атауын қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атауға қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өткізілді.
25.03.2019
-
Елордада латын әліпбиін үйрету курсы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 26 наурыз – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» республикалық курс латын негізді қазақ жазуын оқытатын курс ұйымдастырады.
25.03.2019
-
Демократиялық күштер үндеу қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының үндеуі.
25.03.2019
-
Әлемде автокөлік сатылымы төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың ақпан айында әлемдік автонарық 6%-ға дейін төмендеп, 6,3 млн жеңіл коммерциялық автомобильге жетті. Бұл жөнінде BNews.kz порталы хабарлады.
25.03.2019
-
Нұр-Сұлтандық полицейлер Наурыз мерекесін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні – ата-баба сөзімен айтқанда "ақ түйенің қарны жарылған күн". Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Мерекелік думанды Күзет полициясының бастығы полиция полковнигі Батырбек Бахритденұлы ашты.
25.03.2019
-
Тұңғыш Президентіміздің есімін елордамызға берудің маңызы зор – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бас қаласында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтуде. Елордамыздың Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруін қолдауға орай ұйымдастырылылып отырған алқалы жиынға Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев төрағалық етуде.
25.03.2019
-
«Қаламқас» кен орнынан өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында өрт шықты. Бұл жөнінде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.
25.03.2019
-
Мейірім Нұрсұлтанов тағы бір жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нұрсұлтанов 79-72 есебімен жеңіске жетті. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлады.
25.03.2019
-
Қырғызстан астанасының атауын ауыстыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек атауы қала аудандарының біріне ауысуы мүмкін. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлады.
25.03.2019
-
Норвегияда апатқа ұшыраған «Викинг Скай» кемесінде екі қазақстандық бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз лайнері Молде айлағына келіп жетті. Бұл туралы 24.kz порталы жазды.
25.03.2019
-
ШҚО-да бірнеше сырқат түрі тиімсіз диспансерлеуден арыла бастады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының емханалары біртіндеп пациенттерді әсері аз, бірақ шығыны көп диспансерлеуге емес адамның өз денсаулығын өзі қадағалау үрдісіне көше бастаған болатын.
25.03.2019
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.
25.03.2019
-
Тұңғыш Президент әлемнің ондаған елінен жеделхаттар алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуына байланысты қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен жеделхаттар мен хаттар келіп түсуде.
24.03.2019
-
Түрлі ел басшылары Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде.
24.03.2019
-
Біз барынша үнемді жолды таңдаймыз - Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана әкімі қала атауын өзгертуге қатысты пікірін білдіре отырып, барлық баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар мен басқа да атрибутиканы бір күнде ауыстыру міндетінің тұрмағандығын мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
24.03.2019