Жаңалықтар
-
Ұлттық спорттан І Ашық Азия чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 16-21 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан 8 мемлекеттен келген командалар тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
02.04.2019
-
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда көктемгі уылдырық шашу маусымына байланысты балық аулауға тыйым салынды. Бұл жөнінде 1 сәуірден бастап арнайы бұйрық шыққанын ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Рахымжанов хабарлады.
02.04.2019
-
Әлемнің табысты қазақтары Нұр-Сұлтанда бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар Қоры» КЕАҚ арнайы шақыртуымен әлемнің түкпір-түкпіріндегі табысты қазақтар елордаға жиналды. Осылайша, төл мереке Наурызды Франция, Украина, Ресей және Қытай елдерінен келген қандастарымыз тарихи отанда, бір шаңырақ астында атап өтті.
02.04.2019
-
Павлодар облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматтарының заңға қайшы әрекетін анықтап, топтың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
02.04.2019
-
ТЖК-да Көкшетаудағы су тасқынына қарсы күрес жайында айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде қалада 6 үй мен 15 аулалық учаскені су басты. Құтқарушылар тиісті шаралардың барлығын көрсетіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков хабарлады.
«2 сәуір таңғы сағат 4:50-де Қылшақты өзенінде
02.04.2019
-
Ел шежіресін суреттейтін ерекше мультимедиалық жоба көрермен назарына жол тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге алғаш рет «Астана – Нұр-Сұлтан» атты мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды.
02.04.2019
-
Биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің тұрақты ауысуы Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсететінін айтты.
02.04.2019
-
Ер адамда баламды өзім асыраймын, жеткіземін деген намыс болу керек - Нұрсұлтан Назарбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір мәселе жұмыссыздықта емес, мамандық жоқ. Маманы бар адам жұмысты әр жерден табады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.
02.04.2019
-
Мамин үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 2,5 есе арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға дейін кем дегенде 2,5 есе арттыру міндеті тұрғанын айтты.
02.04.2019
-
ТЖК өкілі Көкшетауда қанша үйді су басқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков Көкшетаудағы су тасқыны жайлы айтып берді.
02.04.2019
-
Үкімет құрамы ауыспайды: Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президент ауысқанмен, Үкімет құрамы өзгермейтінін айтты.
02.04.2019
-
Республикалық мектеп олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-30 наурыз аралығында Ақтөбе және Қызылорда қалаларында республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Білім додасына бүкіл Қазақстаннан 9-11 сыныптардан 1432 оқушы қатысты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.04.2019
-
ЕАЭО елдерімен шекарада 32 ветеринариялық бақылау пункті орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан сәуір айынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен шекараға жақын жерлерде 32 ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау пунктін орнатады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сейсенбідегі Үкімет отырысында мәлімдеді.
02.04.2019
-
Синоптиктер сәуірде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
02.04.2019
-
Зиянкестерге қарсы пестицидтер сатып алынды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында елдегі фитосанитариялық және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады.
02.04.2019
-
Қазақстанның орталығы қандай болса, елі де сондай деп түсінеді – Назарбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында барлық мемлекеттер Қазақстанды сыйлайтын болды. Бұл туралы Елбасы Шамалған халқымен кездесу кезінде айтты.
02.04.2019
-
Тек алға басу: Тоқаев басты ұстанымдары жайлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ел басқарудағы басты ұстанымдары жайлы айтты.
02.04.2019
-
Елбасы Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жасың келгенде ауылға, туған жеріңе келгенде көзіңе жас толады, жастық шағың есіңе түседі. Бұл туралы Елбасы Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты.
02.04.2019
-
Балаға ыстық сумен клизма жасалған: Біртанов мәселені жеке бақылауына алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов балаға ыстық сумен клизма жасалуына қатысты түсініктеме берді.
02.04.2019
-
Бірнеше елмен ветеринариялық сертификат келісіліп жатыр - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында қай елдермен экспортталатын етке қойылатын ветеринариялық талаптар мен сертификаттар келісілгенін айтты.
02.04.2019