Жаңалықтар
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
28.05.2019
-
Қарағанды облысында 7700 адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды аймағында әлеуметтік көмек алушылардың қатары өскен. Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.
28.05.2019
-
28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде болып, жауын-шашын болмайды.
28.05.2019
-
Түркістан облысының түлектері көпбалалы анаға пәтер сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында көпбалалы аналарға деген құрмет пен қолдау күшейе түсті. Төлеби ауданының түлектері рамазан айында көпбалалы анаға баспана әперді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
27.05.2019
-
Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауқымды спорттық шара дәстүрлі түрде өтуде, деп xабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
27.05.2019
-
Парламент Сенатының төрағасы Беларусь елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшісі Анатолий Ничкасовты оның өтініші бойынша қабылдады.
27.05.2019
-
Қазақстандықтар көбінде ел ішінде демалуды жөн санайды
Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылы ішкі туризм саласы бойынша 5,9 млн адамға қызмет көрсетілген. Бұл туралы Energyprom хабарлады.
27.05.2019
-
Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күндері ашық аспан астында жаттығу жасау маусымы бастау алды. Кәсіпқой мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығуға елорда тұрғындары мен қонақтары белсене қатысты. Бұл туралы қалалық мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.
27.05.2019
-
Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты, сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
27.05.2019
-
Қарағандыда «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнелеу өнері мұражайында «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты көрме ашылды. Онда балалар мен жеткіншектер сарайы тәрбиеленушілерінің 790 сурет, мүсіндер және сәндік-қолданбалы жұмыстары ұсынылды.
27.05.2019
-
Солтүстiк Қазақстанда жазғы демалыспен 67 мың оқушы қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушыларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мәселесi СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
27.05.2019
-
Мемлекеттік басқару академиясы көпбалалы аналарға коучинг өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы аналарға арнайы коучинг-сессиялар ұйымдастырды.
27.05.2019
-
Павлодарда президент сайлауына 500 мыңнан астам азамат дауыс береді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен кезектен тыс президент сайлауына дайындық жұмыстарын талқылауға арналған семинар өтті.
27.05.2019
-
Шымкентте полиция көлігі аударылып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Шымкент көшелерінің бірінде аударылып қалған полиция көлігінің фотосы мен бейне таспаларын куәгерлер әлеуметтік желіде таратты, деп жазды Zakon.kz.
27.05.2019
-
Елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р. Рамазанов «Астана қалалық жарық» ЖШС шоттарынан тыйым салуды алу мақсатында 22 млн теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
27.05.2019
-
Медицина қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттық сайысқа 30-ға жуық команда қатысты.
27.05.2019
-
ШҚО-да жазғы демалыс лагерьлері қалай жұмыс істейді?
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, биылғы жаз маусымында облыстың аудан, қалаларында 36 демалыс лагері балаларға қызмет көрсетпек.
27.05.2019
-
Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына 12 аудан тарту жасайды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының орталығындағы Ә.Молдағұлова даңғылы бойында жаңа сквердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – Шалқар ауданының Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына тартуы, жаңа нысан шілде айында пайдалануға берілмек.
27.05.2019
-
Сөздеріңіз көп, нақты шешімдеріңіз аз – Архимед Мұхамбетов өңірдегі баяу жұмысты сынға алды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге 23,3 млрд теңге бөлінген.
27.05.2019
-
Зейнетақы төлемін тағайындауда шетелдегі жұмыс өтілі есепке алынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Зейнетақы төлемдерін тағайындауда шетелге арнайы барудың қажеті жоқ. Ол үшін азаматтың жұмыс істеген кезеңдерін мұрағаттық анықтама арқылы білуге болады. Бұл жөнінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті хабарлады.
27.05.2019