Жаңалықтар
-
Министр: «Айгүл» – халық сүйіспеншілігіне бөленген топ
Алматы, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің 50 жылдығына арналған «Аңызға айналған «Айгүл» атты салтанатты кеш өтті.
13.03.2019
-
Министр көпбалалы отбасыға жаңа үй кілтін табыстады
Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік комиссияның жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аз қамтылған отбасыларға жаңа үйдің кілттерін табыс ету рәсіміне қатысты.
13.03.2019
-
Зайсандықтар үшін газ құбырларын тарту құны қанша?
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Зайсан ауданының 8 елді мекенін газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталуы мүмкін. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат кеңесі барысында айтылды.
13.03.2019
-
Балалар арасындағы семіздік - әлеуметтік мәселеге айналды
Алматы, BAQ.KZ. Семіздік дерті бүкіл әлемді меңдеп алды. Жыл сайын 2,8 миллион адам артық салмақтан немесе шамадан тыс семіру нәтижесінде дүниеден озады. Ең өкініштісі - бұл ауру соңғы жылдары балалар арасында да жиі кездесуде. Бұл туралы «Аман-саулық» ҚҚ мәлімдеді.
13.03.2019
-
Таразда «7-20-25» аясында 10 көппәтерлі тұрғын үй салынады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында сатылымға ұсынылатын 10 көппәтерлі үй салынады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.
13.03.2019
-
ҚР елшісі Ямайканың генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының елшісі Ямайканың Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды.
13.03.2019
-
Әбдіқалықова Атырау облысындағы көпбалалы отбасылармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік комиссияның жұмыс сапары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
13.03.2019
-
Полицейлер: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
Талдықорған, BAQ.KZ. Жергілікті полиция қызметі Талдықорғандағы Агротехникалық колледжде студент қыздармен кездесу өткізді.
13.03.2019
-
Жайықтағы балықтың қырылуы: Депутаттар Бас прокурордан көмек сұрады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары Жайықтағы балықтың жаппай қырылу проблемасын көтеріп, Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа сауал жолдады.
13.03.2019
-
Кәсіпкерлерге енді мөрдің керегі де болмайды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлердің енді мөрді жасатпауға құқығы бар. Бұрын кәсіпкер банктік есеп шот ашу үшін банкке барып құжаттар толтырып, мөр басуы керек болатын. Енді ешқайда шықпай-ақ электронды үкіметтен сол есеп шоттарды аша алады.
13.03.2019
-
Еліміздің солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Астана, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар аймақта тұман, түсіп көктайғақ болады. Ауа райының қолайсыздығына орай «Қазгидромет» РМҚ дауылды ескерту жариялады.
13.03.2019
-
Алматыда үш баланы құтқарған әскери қызметші марапатталды
Астана, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында үш баланы өрттен құтқарған оқу орталығының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Нұрқанат Дүйсенов марапатталды.
13.03.2019
-
Борышкерлер ипотекамен алған мүлкін төлей алмаса оны сатылымға қоя алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ипотекамен алынған кепіл мүлікті борышкер төлей алмаса оны үш айдың ішінде сатып, қарызды жабуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Алматы қаласы Жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының басшысы Нұрбол Мыңғожаев бүгін өткен брифинг барысында айтты.
13.03.2019
-
Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық өзара іс-қимылын жандандыру қажет – Мамин
Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
13.03.2019
-
Павлодар облысында су басуы ықтимал 14 ауыл бақылауға алынды
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде су басуы ықтиал 14 елді мекен төтеншеліктердің қатаң бақылауына алынды. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаратын топтар жасақталып, техникалық жағдайы пысықталды.
13.03.2019
-
Дәленов Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметі жайлы айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрінің тағайындалуына қатысты пікірін айтты. Бұл қызметке Мәдина Әбілқасымова келген еді.
13.03.2019
-
Астана дәргерлерінің рейтингі қалай өлшенеді
Астана, BAQ.KZ. SmartAstana қосымшасындағы науқастардың пікірлері негізінде Астана қаласы дәрігерлерінің рейтингісі құрылады. Бұл тәжірибе білім беру саласына да қолданылады деп жоспарлануда, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.
13.03.2019
-
Елімізде жүргізуші куәлігін беру мен көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды
Астана, BAQ.KZ. Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.
13.03.2019
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
13.03.2019
-
Елордадағы Лесная полянаға қатынайтын бірқатар автобус бағыты өзгерді
Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктердің қозғалысы аталмыш тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты өзгеріп отыр. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
13.03.2019