Жаңалықтар
-
«Алғашқы астанадан сәлем». Қызылордалықтар Нұр-Сұлтан атауын қолдайды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйіне Қазақстанның елордасына Нұр-Сұлтан атауы берілуін қолдаған жүздеген адам жиналды. Олар «Алғашқы астанадан сәлем» атты концерт-акциясына қатысып, Тұңғыш Президенттің Тәуелсіз Қазақстанды құру, қалыптастыру жолындағы қызметін, Сыр еліне жасаған қамқорлығы жайлы пікірлерін ортаға салды.
26.03.2019
-
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Зардап шеккендер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 26 наурыз, таңғы сағат 9.40 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді.
26.03.2019
-
Отандық аграрлық техниканы сатып алушыларға субсидия беріледі – министр
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сейсенбідегі Үкімет отырысында Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға пайыздық субсидия берілетінін мәлімдеді.
26.03.2019
-
Қызылордада оқушылар арасында республикалық олимпиада басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 9-11 сыныптың 663 оқушысы жиналған. Білім додасының қорытындысы 29 наурызда белгілі болады.
26.03.2019
-
Мұнай-газ, машина жасауды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сейсенбідегі Үкімет отырысында ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы баяндады.
26.03.2019
-
Көкшетаулықтар елорданың жаңа атауына қолдау білдірді
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда елорданың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдауға арналған мерекелік шараға үш мыңнан аса адам жиналды.
26.03.2019
-
Қарағандыда ер адам сауда үйін жарып жіберемін деп қорқытқан
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше кешкілік қаланың орталығындағы «Таир» сауда үйінде мас ер адам ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытқан. Оқиға орнынан 500 адам қауіпсіз жерге эвакуцияланды.
26.03.2019
-
Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында банктік емес ұйымдардың қызметі реттеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жобасына қатысты пікір білдірді.
26.03.2019
-
Премьер-министр Кеңсесінің басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қызметті енді Ғалымжан Қойшыбаев атқарады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
26.03.2019
-
Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыруды күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі үкімет отырысында Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жобасын енгізді.
26.03.2019
-
Қарағандылықтар ел астанасының «Nur-Sultan» аталуын қолдады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының барлық аймағында Елордаға «Nur-Sultan» атауы берілуіне орай қолдау акциялары өтті. Саябақтар мен парктер жаппай серуендер ұйымдастырылып, аймақтың бірнеше кәсіпорнында мерекелік шаралар өткізілді.
26.03.2019
-
Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісім қабылданды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды.
26.03.2019
-
Еліміздің жүрегі «Nur-Sultan» болашақтың қаласы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы астанасының «Nur-Sultan» қаласы деп өзгертілуіне байланысты еліміздің түкпір-түкпіріндегі ел азаматтары пікір білдіруде. Олар бас қаланың жаңа атауының тарихи шешім екендігіне күмән келтірмейді.
26.03.2019
-
«Астанамыз – Нұр-Сұлтан» акциясына мыңдаған шығысқазақстандық қатысты
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 25 наурыз күні республика көлемінде Елбасы саясатының бағыты мен Президенттің Астана қаласын қайта атау жөніндегі бастамасын қолдауға арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Қоғамдастық және мәдени-әлеуметтік сала өкілдері мен жастардың басын қосқан осындай шара Өскемен қаласындағы Драма театрында да өтті.
26.03.2019
-
Кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспарына сәйкес 11 797 пәтер беріледі.
26.03.2019
-
Жақсылық Үшкемпіров: Нұрсұлтан Назарбаев сынды азаматтар мың жылда бір туады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Бұл шешімді қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Алматы облыстық мәслихаты жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Жақсылық Үшкемпіров қолдайтынын жеткізді.
26.03.2019
-
26 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады.
26.03.2019
-
Исекешев Елбасы Қорының атқарушы директоры болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.03.2019
-
Біз Нұр-Сұлтан атауын қолдаймыз – затоболдықтар
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Елордаға Нұр-Сұлтан атауы берілуіне орай Затобол кентінде мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеушілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны туралы айтты.
25.03.2019
-
Ғалымжан Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевты қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.03.2019