Жаңалықтар
-
ШҚО-да Nur Otan партиясы Бастауыш ұйымдарының тұңғыш форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шараға екі жүзге тарта бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты. Сонымен қатар, форум аясында ұйым төрағаларына арналған екі күндік оқыту семинары да ұйымдастырылды.
28.03.2019
-
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды.
28.03.2019
-
Break dance олимпиада ойындарының қатарына енуі мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) брейк дансты Жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынысын мақұлдады, делінген ұйымның ресми сайтында.
28.03.2019
-
Мәдина Әбілқасымова Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар ауыз-түйіс іске асырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Жастар театрының актерлары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз Халықаралық театр күні қарсаңында Жастар театрының актерлары мен қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Жастар театрының баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Қытай елшісі Ішкі істер министрлігіне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция ұрланған қытайлық бизнесменді құтарды. Бұған тәулікке жетер-жетпес қана уақыт кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Мектеп оқушысы өзге планеталарды игеруге арналған робот моделін жасады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әлихан Тәліпбаев өзге планеталарды игеруге арналған құрылысшы-роботтың моделін жасап шығарды.
28.03.2019
-
Араб инвесторлары қазақстандық компанияларға қызығушылық білдіріп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ Дубай қаласындағы Nasdaq Dubai MarketSite алаңында инвесторлармен Қордың даму стратегиясына, жекешелендіру бағдарламасына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ірі халықаралық компаниялардың өкілдері мен инвесторлар қатысты, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
28.03.2019
-
Доллар бағамы 382 теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айырбастау пункттерінде бір доллар 380-382 теңге диапазонында бағаланып жатыр. Бұл туралы Kurs.kz жазды.
28.03.2019
-
Маңғысау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімдігі тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек көрсететін болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Тоқаев цифрлық технологияны жан-жақты енгізу қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан Президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы ақорданың ресми сайтында хабарланды.
28.03.2019
-
Әбдіқалықова «қалтадағы ХҚО-ның» мүмкіндіктеріне оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету және цифрлық қызмет көрсету орталықтарында болып, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен және өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
28.03.2019
-
Біртанов: Ақмола облысындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өңір тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
28.03.2019
-
Қазақмыс Оңтүстік Кореядағы жетекші госпитальдің серіктесі атанды
Алматы, BAQ.KZ. Қол қойылған құжатқа сәйкес, оңтүстіккореялық мамандар Жезқазған Медициналық орталығының мамандарына ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік және консультативтік көмек көрсететін болды.
28.03.2019
-
Жол апатында автобус жүргізушісі 30-дан астам адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда таңертеңгі уақытта Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің қатысуымен жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. №1 автобус паркінің жүргізушісі апат кезінде 30-дан астам адамды құтқаруға атсалысқан. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Ерболат Досаев Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуалды баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
28.03.2019
-
Павлодарда мектеп директорлары демалыс бөлмесінен бас тартып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 30-дан астам мектеп директоры демалыс бөлмесінен бас тартты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлімдеді.
28.03.2019
-
Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін "АХБК" тігін фабрикасы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2019
-
Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға берілетін сыйақы қалай есептеледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлағандарға берілетін ынталандыру сыйақысы қалай есептелетінін айтты.
28.03.2019