Жаңалықтар
-
Тоқаев: Үкіметтік емес ұйымдарға ризамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайында ақпаратты тарату күні. Осыған орай Қазақстан Президенті осы дертке шалдыққандарға ерекше көңіл бөліп, бірқатар жұмыс атқарып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдардың еңбегін атап өтті.
02.04.2019
-
Студенттер арасында шахмат турнирі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ЕҰУ қабырғасында Динара Садуақасова кубогы үшін студенттер арасындағы шахматтан республикалық турнирі басталды.
02.04.2019
-
Түймебаев: Біздің міндетіміз – Елбасы бағытын жалғастыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен ҚХА қызметінің негізгі мәселелері бойынша республикалық кеңейтілген кеңес өтті.
02.04.2019
-
Дариға Назарбаева ҚХР елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны оның өтініші бойынша қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
02.04.2019
-
Аутизмге шалдыққан балалар доп тебуден өзара бақ сынасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Аутизмді жеңеміз» әлеуметтік жобасы аясында инклюзивті футбол командалары арасында матч өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА жазды.
02.04.2019
-
Биыл елордада қандай көшелердің жөнделетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада жол жөндеу уақыты жобамен сәуір айының ортасынан басталады. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылы жалпы ұзындығы 8,42 шақырым болатын жеті көшені және Көктал-1, Агроқалашық, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс (оң жағалау) тұрғын үй аудандарында жалпы ұзындығы 31шақырым болатын 87 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл елордада қандай көшелердің жөнделетіні белгілі болды
02.04.2019
-
Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті.
02.04.2019
-
Түркістанда футбол алаңдары мен теннис корты ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда қаланың дамуы және өңірдегі салық түсімі мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.04.2019
-
Тұңғыш Президент Қарасай ауданындағы дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
02.04.2019
-
Ұлттық спорттан І Ашық Азия чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 16-21 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан 8 мемлекеттен келген командалар тұңғыш ұйымдастырылған Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
02.04.2019
-
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда көктемгі уылдырық шашу маусымына байланысты балық аулауға тыйым салынды. Бұл жөнінде 1 сәуірден бастап арнайы бұйрық шыққанын ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Рахымжанов хабарлады.
02.04.2019
-
Әлемнің табысты қазақтары Нұр-Сұлтанда бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар Қоры» КЕАҚ арнайы шақыртуымен әлемнің түкпір-түкпіріндегі табысты қазақтар елордаға жиналды. Осылайша, төл мереке Наурызды Франция, Украина, Ресей және Қытай елдерінен келген қандастарымыз тарихи отанда, бір шаңырақ астында атап өтті.
02.04.2019
-
Павлодар облысында заңсыз есірткі айналымының ірі партиясы әшкереленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысының аумағына есірткі заттарын тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматтарының заңға қайшы әрекетін анықтап, топтың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
02.04.2019
-
ТЖК-да Көкшетаудағы су тасқынына қарсы күрес жайында айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде қалада 6 үй мен 15 аулалық учаскені су басты. Құтқарушылар тиісті шаралардың барлығын көрсетіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков хабарлады.
«2 сәуір таңғы сағат 4:50-де Қылшақты өзенінде
02.04.2019
-
Ел шежіресін суреттейтін ерекше мультимедиалық жоба көрермен назарына жол тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге алғаш рет «Астана – Нұр-Сұлтан» атты мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды.
02.04.2019
-
Биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің тұрақты ауысуы Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсететінін айтты.
02.04.2019
-
Ер адамда баламды өзім асыраймын, жеткіземін деген намыс болу керек - Нұрсұлтан Назарбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір мәселе жұмыссыздықта емес, мамандық жоқ. Маманы бар адам жұмысты әр жерден табады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.
02.04.2019
-
Мамин үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 2,5 есе арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға дейін кем дегенде 2,5 есе арттыру міндеті тұрғанын айтты.
02.04.2019
-
ТЖК өкілі Көкшетауда қанша үйді су басқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков Көкшетаудағы су тасқыны жайлы айтып берді.
02.04.2019
-
Үкімет құрамы ауыспайды: Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президент ауысқанмен, Үкімет құрамы өзгермейтінін айтты.
02.04.2019