Жаңалықтар
-
Алматы қаласынан 1200-ге жуық азамат әскерге аттанады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көктемгі әскери шақырту науқаны бойынша Алматы қаласынан 1200-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бұл туралы Алматыдағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Кристина Новикова BAQ.KZ тілшісімен тілдесу кезінде айтты.
12.04.2019
-
Түркістанның көшпелі көрмесі Атырауға жетті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауға алғаш рет Түркістан облысынан көшпелі көрме келді. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Руханият-Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің қызметкерлері ежелгі Отырар қаласының айтулы тұлғалары мен мұраларын таныстырды.
12.04.2019
-
Қарағанды облысында көшпелі дәріxаналар жұмыс істемек
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы дәріxана бекеттері жұмысын бастамақ. Халықты сапалы медицинамен қамтудағы осы жаңашылдық жайлы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.
12.04.2019
-
Атырау дәрігерлері қызылшамен күресті жіті бақылауға алған
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері облыста қызылшамен ауырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген тұрғындардың саны 700-ге жуықтап, олардың 200-ден астамы зертханалық жолмен дәлелденіпті.
12.04.2019
-
Назарбаевтың 25 жыл бұрынғы идеясы қандай нәтиже берді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалдастық туралы жобасының нәтижесінде бір емес, бірнеше ұйым құрылып, ол одақтар мемлекеттерді экономика мен саясат тұрғысынан біріктірді.
12.04.2019
-
Қазақ десантшылары қарулы топтың көзін жойды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қапшағай маңындағы «Жағалау» полигонында десантты шабуылдаушы жасақтарының әскери оқу-жаттығулары өтті. Арам ниетті қарулы топ Қапшағай ауданындағы СЭС-тің көпірін жарып жіберген және еліміздің қарулы күштерін Іле өзенінің оң жағалауына шығармас үшін бар күштерін сонда жұмсайды.
12.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019: Шетелден қанша бақылаушы келеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан бақылаушылар Кезектен тыс президент сайлауына 2019 жылдың 3 маусымы сағат 18.00-ге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы құжаттарын тапсыра алады.
12.04.2019
-
Тоқаев: Кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
12.04.2019
-
Еркін күрестен Азия чемпионатында бақ сынайтын балуандар тізімі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Сиянь қаласында23-29 сәуір аралығында Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен кезекті Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Құрлық додасына қатысатындар қатарында Қазақстан командасының балуандары да бар. Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Әсет Серікбаев Азия чемпионатына жас спортшыларды аттандыруды мақсат етуде. Бұл туралы Olympic.kz жазды.
12.04.2019
-
Сайлау комиссиясы мүшелеріне 127 мың теңгеге дейін ақы төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина кезектен тыс президент сайлауы кезінде жұмыс істейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы туралы айтты.
12.04.2019
-
Қазақ тіліндегі жарнама қателерін Фейсбук арқылы хабарлауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарын «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясына қатысуға шақырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
12.04.2019
-
Ақан Сатаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан фильмдерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Режиссер Ақан Сатаев еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан тарихи кинокартиналар туралы айтты.
12.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Ақ пен қараны ажырата білер әділ төре қажет
Орал, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 9 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай батысқазақстандық жас ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды.
12.04.2019
-
Қостанайда ауылдарды ауызсумен қамту бойынша 22 жоба жүзеге асырылады
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай Тобыл-Торғай аймағындағы ауылдық елді мекендердің 95% сапалы ауызсумен қамтылуы тиіс. Бұл туралы Қостанай өңірінің әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.
12.04.2019
-
Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлауда.
12.04.2019
-
Көкшетаулықтар «Рухани жаңғыру» аясындағы этноауылды тамашалады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай ашық аспан астында этноауыл жасақталып, көрме ұйымдастырылды.
12.04.2019
-
Қазақстандық әскери журналистер халықаралық фотобайқауда үздік атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы шекара әскерлерінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Шекара тарихы – менің отбасымның тарихы» атты халықаралық фотосуреттер байқауы жарияланған болатын. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
12.04.2019
-
ОСК сайлауға сұраған 12 млрд теңгенің есебін берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Қаржы министрлігінен кезектен тыс президент сайлауын өткізуге сұраған 12 млрд теңгені қалай жұмсайтындарын айтты. Бұл туралы ОСК мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді.
12.04.2019
-
Ташкентте Қазақстан мәдениетінің көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, ҚР Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты.
12.04.2019
-
Тасмағамбетов сайлауға түсе ала ма? ОСК жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы елшілер мен димломатиялық қызметкерлер сайлауға түсе ала ма деген сауалға жауап берді.
12.04.2019