Жаңалықтар
-
Павлодар облысында жазда түрлі бағыттағы 800-ге жуық лагерь жұмыс істейді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде осы жылдың жазында 98 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады. Бұл аймақтағы мектеп оқушыларының 98,8% құрайды.
21.05.2019
-
21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын болады. Кей жерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
21.05.2019
-
Саябақтарда жексенбілік жаттығулар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елорда әкімдігі төрт саябақта тегін спорттық іс-шаралар ұйымдастырады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
20.05.2019
-
СҚО-да жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмi ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автожолдарды күту және жөндеу жөнiнде СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
20.05.2019
-
Нұр-Сұлтанда ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл техникалық жағынан күрделі көпқабатты ғимараттар мен адамдар көп жиналатын ғимараттарда кешенді техникалық тексеріс жүргізіледі, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
20.05.2019
-
Түркістан өңірін дамытатын 480 жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
20.05.2019
-
Атырауда XV дельфий ойындары басталды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда XV облыстық Дельфий ойындары басталды. Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 200-дан аса жас талант алдағы екі күн бойы домбыра, қобыз, эстрадалық ән, баян, заманауи және халық биі секілді 15 аталым бойынша сынға түседі.
20.05.2019
-
Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанның кешінде әуенді, әуезді субұрқақтың жанында серуендейтін күн де алыс емес. Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ.
20.05.2019
-
Нұр-Сұлтанда заңсыз жарнамалық баннерлер мен маңдайшалар алынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жалпықалалық акция өтуде, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
20.05.2019
-
Қазақстандықтар қарыздарын Telegram қосымшасы арқылы тексере алатын болады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай шетелге шығуды көздеген азаматы өзінің шетелге шығуға салынған тыйымның бар-жоғын @EgovKzBot арқылы тексере алатын болды. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов хабарлады.
20.05.2019
-
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.
20.05.2019
-
Алматыда "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" фестивалі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 7-8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады.
20.05.2019
-
Шымкентте 5500-ге жуық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте 5463 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сәуірбаева хабарлады.
20.05.2019
-
Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салынбақ
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кальцийленген сода өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Оның инвесторы – түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы.
20.05.2019
-
Жастар жылы: «Жастықтың оты жалындап...» мүшәйрасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға шақырады.
20.05.2019
-
Қызылжарлық шебер темір сауыт жасап шығарды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарлық шебер Ерғали Сәткенов ортағасырлық қазақ батырының сауытын жасап шығарды. Ұста салмағы 10 келіге жақын бұйымды әзірлеуге 9 ай уақытын жұмсаған.
20.05.2019
-
Дариға Назарбаева Армения Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
20.05.2019
-
БҰҰ-мен ынтымақтастық мәселесі біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.05.2019
-
Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің бүгіндікке соңғы жұбы алаңға шықты.
20.05.2019
-
Назарбаев Университеті Қазақстанның брендіне айналды – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20.05.2019