Жаңалықтар
-
Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына барлық жағдай жасап отыр – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырыс залында «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» атты парламенттік тыңдау өтіп жатыр.
24.05.2019
-
Ақтөбелік 5 түлек университетте тегін білім алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай қалада "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық аукцион-концерті өтті. Университет ректоры Қ.Жұбанов атындағы бес білім грантын қаладағы мектептердің 5 түлегіне тапсырды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
24.05.2019
-
Алматыда BMW бензин тасымалдайтын көлікпен соғысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында BMW автокөлігі мен бензин тасымалдайтын көлік соғысып, BMW жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Zakon.kz.
24.05.2019
-
Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
24.05.2019
-
Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титрлардағы қателер туралы пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі жеке парақшасында «Мумбаи отелі: Тайталас» фильмінің мемлекеттік тілдегі титрларына байланысты пікірін жазды.
24.05.2019
-
ШҚО әкімдігі Қытай инвесторларына жер сатылатынын жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде ШҚО-да 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап кеткен. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығынан хабарлады.
24.05.2019
-
Air Astana үшінші Embraer 190-E2 ұшағын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл – операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан үшіншісі. Қалған әуе кемелері 2019 жылы ішінде әкелінеді.
24.05.2019
-
Ел чемпионаты. Бүгін көкпардан түйісу ойындар өтеді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Таразда ту көтерген Ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші күні көкпардан түйісу ойындары өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, топтық кезең бойынша ойындар аяқталған болатын.
А тобында – Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы, Түркістан облысының «Қ
24.05.2019
-
Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар шипажайға жолдама алады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы бойынша биыл 3000-нан аса мүмкіндігі шектеулі жан санаторийлар мен курорттарға емделуге жіберіледі. Алайда жыл аяғына дейін олардың саны азаюы мүмкін.
24.05.2019
-
Атырау облысында екі мәдениет үйі пайдалануға берілді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Заманауи кешендегі көрермендер залының сыйымдылығы - 200 орын. Сонымен қатар, кітапхана, оқу және би залы, түрлі үйірмеге арналған бөлмелері бар. Дегенмен ауылда мәдениет саласының мамандары тапшы.
24.05.2019
-
24 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, тек республиканың орталығында және оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.
24.05.2019
-
26 мамырда елорда көшелерінің бір бөлігі жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық марафонын өткізу кезінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
23.05.2019
-
Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда Теміртау және Шымкент қалаларының жалпы орта білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптарда оқитын 20-дан астам баланың 45 жұмысы қойылды, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының Баспасөз қызметі.
23.05.2019
-
Алматыда науқастарға дәріні робот беретін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы - Адалдық Алаңы» жобасы аясында мегаполисте алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат – дәріхана роботы іске қосылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
23.05.2019
-
Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4,34 автобустарды қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.
23.05.2019
-
Қазақстанда емделмейтін ауруларға шалдыққан кемінде 100 бала шетелге жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар, аутизм диагнозы қойылған балаларға медикаментсіз ем жасалуы қамтамасыз етіледі. Аталған бастамалардың бәрі «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған бiрегей меморандумда көзделген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
23.05.2019
-
Түркістан облысында бидай алқабы ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Сайрам ауданында 53 мыңнан аса гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Өткен жылы оның көлемі 52 мың гектарды құраған.
23.05.2019
-
«Астана Су Арнасында» болған қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиғаның салдарынан «Астана су арнасы» мекемесінің 4 қызметкері қаза болды. «Астана Су Арнасы» мекемесінің көз жұмған қызметкерлері 1988, 1993, 1995 және 1967 жылы туған азаматтар екені анықталды.
23.05.2019
-
"Қорғас" Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді
Алматы, BAQ.KZ. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
23.05.2019
-
Елімізде екі жоғарғы оқу орны сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Қаржы академиясы мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті саудаға шығарылды.
23.05.2019