Жаңалықтар
-
Ақмола облысында екі қоғамдық құтқару бекеті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Зеренді ауданында тағы екі қоғамдық құтқару бекеті ашылды. Бүгінгі күні Ақмола облысында 55 бекет бар, оның 18 Зеренді ауданында және 37 Бурабай ауданында жұмыс істейді.
06.06.2019
-
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні ауыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06.06.2019
-
2018 жылы инвестициялардың көлемі 17% өсті – Берік Шолпанқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы экономиканың негізгі салаларында оң өсу қарқыны сақталды. Оған экономиканы диверсификациялау, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агро өнеркәсіп саласын дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру және ішкі тұтыну белсенділігін біртіндеп қалпына келтіру себеп болды.
06.06.2019
-
Ел басына келгеніме дәл осы айда 30 жыл болады – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Сенаттың жалпы отырысының алдында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев палатаның мүшелеріне «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру шешімін қолдағаны үшін алғысын білдірді.
06.06.2019
-
Қазақстандық қаржы ұйымы халықаралық рейтингте көтерілді
Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингтерін "В"-дан "В+"-ке көтерді.
06.06.2019
-
Павлодарлық оқушылардың демалысына 289 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-10 сынып оқушыларының барлығын жазғы демалыс іс-шараларымен қамтуды іске асыруға 289 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Қалалық білім бөлімі хабарлады.
06.06.2019
-
Алматы полициясы басқа адамның құжатымен несие алған алаяқты іздестіруде
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы өзгенің жеке куәлігімен ірі көлемде несие алған белгісіз адамды іздеп жатыр. Бұл туралды Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
06.06.2019
-
Нығматулин Өзбекстанға ресми сапармен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
06.06.2019
-
Дариға Назарбаева Елбасыға «Құрметті Сенатор» төсбелгісін табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысының алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.
06.06.2019
-
Қарағандыда мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсетілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ораза айт мейрамы қарсаңында Қарағандының Үштөбе елді мекеніндегі мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы аясында 62 отбасыға көмек көрсетілді.
06.06.2019
-
Жолаушыларын тонаумен айналысты деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары жолаушы тасымалымен айналысып, жолаушыларды тонауды кәсіп қылған 27 жастағы жігітті ұстады.
06.06.2019
-
Білім-ғылым вице-министрі тұтқындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда вице-министрге қандай айып тағылғаны әзірге жария етілмей отыр, деп хабарлады Almaty.tv.
06.06.2019
-
Биыл Баянауылға 200 мыңға жуық турист келеді деген болжам бар
Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі туристік жерлердің ондығына енген Баянауыл курорттық аймағына биылғы жылы келетін тынығушылар саны 200 мыңға жетеді деп болжанып отыр.
06.06.2019
-
Сапарбаев қайырымдылық қорларын күш біріктіруге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қайырымдылық іс-шараларын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
06.06.2019
-
Головкин 8 маусымдағы жекпе-жегі алдында соңғы мәлімдемесін жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында Нью-Йоркте ресми баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
06.06.2019
-
Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 9 маусымнан 04.00-ден 24.00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Бұл ҚР ИИДМ, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігінің келісілген шешімі екенін хабарлаймыз, деп жазды Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі ресми парақшасында.
06.06.2019
-
Жолбарысты жуындырмақ болған зообақ жұмысшысы қолынан айырылды
Алматы, BAQ.KZ. Вьетнамдағы Биньзыонг елді мекенінде жеке зообақ жұмысшысы жолбарысты жуындырамын деп қолынан айырылды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
06.06.2019
-
Елорда әкімдігі «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі табиғатты қорғау бастамаларын қолдайтын әкімдіктер арасында бас жүлдені еншіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
06.06.2019
-
Қостанайда өнеркәсіп өндірісі 30% артқан
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Қостанайда жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 28,2% жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылы 25,9% болған. Облыс көздеген осы және өзге де мәжелер төңірегінде бизнес-қауымдастықтың кеңейтілген кеңесінде айтылды.
06.06.2019
-
Қарағандыда жедел жәрдем станциясы салынып жатыр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Майқұдық шағын ауданында орналасқан жаңа жедел медициналық көмек көрсету станциясының құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа нысан денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелердің көпшілігін шешуге мүмкіндік бермек.
06.06.2019