Жаңалықтар
-
Грант көп, конкурс жоқ – Аймағамбетов төмен ұпаймен оқуға түскендер туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының қорытындылары туралы өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік білім гранттары конкурсында неліктен бәсеке жоқ екенін айтты.
16.08.2019
-
14 жастағы мас қыз метрода құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде метро ішінен бір адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Не болғанын Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі айтып берді.
16.08.2019
-
Ресейде цемент зауыты опырылып түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленинград облысы Волхов қаласында «Апатит» зауытының өндірістік алаңында ғимаратты демонтаждау кезінде қабырға опырылып түсіп, 2 адам үйіндінің астында қалды, деп хабарлады Интерфакс.
16.08.2019
-
Өрт сөндіру кезінде мерт болған азаматтардың медалі отбасыларына тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Жаркент өңірінде болған өртті өшіру кезінде қаза болған азаматтарға наградаларды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмдардың отбасыларына табыстады.
16.08.2019
-
Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін атап өтеді.
16.08.2019
-
«Ақшасын төлейді, отбасымен шешеді» – Аймағамбетов ақылы мектеп олимпиадалары туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты пікірін айтты.
16.08.2019
-
АҚШ-тың Алабама штатында атыс болып, екі адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция университет басқармасымен бірге оқиғаны тергеуді бастады. Ұсталғандар туралы ақпарат жоқ.
16.08.2019
-
Жыл басынан бері 22 мың адам өзге елге көшу жөнінде құжат толтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басқа елге қоныс аударғандардың басым бөлігі қала тұрғындары. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17 пайызға артық, деп хабарлады Energyprom.
16.08.2019
-
Атаулы әлеуметтік көмек алған 87 мың отбасы жеке шаруашылық құрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн Қазақстандық қамтылған, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
16.08.2019
-
Қазақстан командасы әлем кубогында таеквондодан бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Команда Қытайдың Уси қаласында өтетін әлем кубогіне дайындалып жатыр деп хабарлады Olympic.kz.
16.08.2019
-
Елбасы мен президент сайлау кезеңіне дайындық жұмыстарын талқылап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы төрағалығымен жаңа заңнамаға сәйкес сайлау кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланып жатыр.
16.08.2019
-
Жаңа білім бағдарламасы халықпен кеңінен талқылануы тиіс – президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
16.08.2019
-
«Жарайсың» мен смайлик. Оқушылардың білімін бағалау жүйесі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов критериалды бағалау жүйесін сынға алып, бұл жүйені одан әрі жаңғыртатынын айтты.
16.08.2019
-
1950-... Корей түбегіндегі соғыс қашан бітеді?
Бұған дейін Оңтүстік Кореяға пресс-турымыз барысында дайындаған материалдарымыздың сериясын жалғастырамыз. Корей түбегіндегі мәселенің о бастан қалай басталғанын корейаралық тарихшы (Inter-Korean Historian Council) Kwang Seo Ki мырзадан сұрадық. Ол екі Корея арасындағы АҚШ мүддесі және соғыс кезіндегі Қытай мен КСРО әскерінің әрекеті, соғыста қанша адам қайтыс болғаны туралы айтып берді.
Мақалаға өту
16.08.2019
-
Ақтөбе облысында сатушыны өлтіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамызда Ақтөбе облысы Бадамша ауылында орналасқан дүкенде сатушының денесі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
16.08.2019
-
Арыстағы жарылыстан қираған 64 нысан 20 тамызға дейін қайта қалпына келтіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы бұзылған нысандарды қайта қалпына келтіруге жақын. 20 тамызға дейін 64 нысанның құрылысы толығымен аяқталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай айтты.
16.08.2019
-
Балабақшаларды қоғамдық бағалау жүйесі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл пилоттық режимде мектепке дейінгі ұйымдарды қоғамдық бағалау жүйесі енгізіледі.
16.08.2019
-
Мемлекет басшысы тәрбиешілердің жұмысын сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
16.08.2019
-
6 жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.
16.08.2019
-
Маңғыстауда «Жол бер – өмір сыйла» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті полиция және медицина қызметтерімен бірлесіп, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе шеңберінде «Жол бер – өмір сыйла» рейдтік акциясын өткізді.
16.08.2019