Жаңалықтар
-
Алматы облысында биыл 350 шақырымға жуық жол жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың соңына дейін Алматы облысындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының үлесі 78,5 % жетеді. Жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 6138,6 шақырым, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
27.08.2019
-
Мәжіліс депутаты ауыл азаматтарын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаты «Nur Otan» партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
27.08.2019
-
Ақсуда көпбалалы отбасыларға арналған шағын аудан бой көтереді
Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің Ақсу қаласында көпбалалы отбасылар үшін шағын аудан бой көтереді.
27.08.2019
-
Елімізде жарты жылда 405 мыңға жуық көлік тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 %-ке кем деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
27.08.2019
-
Елордада бір үйдің екі қызы 4-қабаттың терезесінен құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ересектердің немқұрайлылығы мен жауапсыздығы – көбінесе балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтыратын әртүрлі төтенше жағдайларға себеп болады.
27.08.2019
-
Нұр-Сұлтанда коттедж өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық ТЖД-ның хабарлауынша, жаңадан салынып жатқан екі қабатты коттедждің шатырынан өрт шықты.
27.08.2019
-
Еліміздің батысында қатты жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады.
27.08.2019
-
Баланы мектепке қалай дайындау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары ата-аналарға балаларды мектепке қалай дайындау жөнінде кеңес берді.
27.08.2019
-
Елбасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президентіне Nur Otan партиясы қалалық филиалының партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша жоспарлары баяндалды.
27.08.2019
-
2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
27.08.2019
-
Алматыда қазіргі нормаларды түбегейлі өзгерту туралы әңгімелер жалған әрі хайп – Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтармен дәстүрлі кездесулерін жалғастыруда, бүгін ол Медеу ауданы тұрғындарын толғандыратын сауалдарға жауап берді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
27.08.2019
-
Көлгінов әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов "Пригородный" елді мекенінің әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарланды қала әкімдігінің сайтында.
27.08.2019
-
Мұғалімді артық жұмысқа жеккендер енді 300 мың теңге айыппұл төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктегендерге айыппұл салынатынын айтты.
27.08.2019
-
Нұр-Сұлтанда ЛГБТ шеруіне рұқсат берілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады.
27.08.2019
-
Алматыда кейбір көше жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Шашкин көшесінің Тимирязев пен әл-Фараби аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
27.08.2019
-
Мамин "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын тездетіп Мәжіліске енгізуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын мақұлдады.
27.08.2019
-
Ішкі істер министрі Алматыда көлікпен үш адамды қаққандарға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 26 тамызда Алматыда бір топ адамды көлік қаққаны туралы видео пайда болған еді. Осыған қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін өз пікірін білдірді.
27.08.2019
-
82 жастағы халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов үйленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 82 жастағы қазақстандық танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов үйленді. Желіде халық әртісінің үйлену тойында түсірілген суреттер мен бейнежазбалар тарап кетті.
27.08.2019
-
Кения тұңғыш рет мұнай экспортын жасады
Алматы, BAQ.KZ. 200 мың баррел мұнай тиеген кеме Кенияның Момбаса портынан аттанып кетті. Осылайша, Кения Шығыс Африка елдері ішінде мұнай экспортын жасаған алғашқы ел болып отыр.
27.08.2019
-
2020-2022 жылғы трансферттер өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған – ҰЭМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» баяндама жасады.
27.08.2019