Жаңалықтар
-
Ұшақта 4 500 АҚШ долларын ұрлаған қытайлық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері ірі көлемде ұрлық жасаған ҚХР азаматшасын "ізін суытпай" ұстады.
18.12.2019
-
Ұлттық банк: Қазақстанда инфляцияның деңгейі төмендейді
Алматы, BAQ.KZ. Орта мерзімді перспективада инфляция біртіндеп баяулайды және 5,0-5,5% деңгейде тұрақтанады. Бұл жөнінде Ұлттық банк хабарлады.
18.12.2019
-
Димаш Токиода өтетін ән фестиваліне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Жапонияның астанасы Токио қаласында 30-31 желтоқсан күндері өтетін ABU TV ән фестиваліне қатысады, деп хабарлайды dimashnews.com.
18.12.2019
-
Атырау облысының әкімі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
18.12.2019
-
Ноғаев энергетика министрі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды.
18.12.2019
-
Президент Сыртқы істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.
18.12.2019
-
Көшербаев ЮНЕСКО-ның бас хатшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті.
18.12.2019
-
Қазақстандық ғалымға Жапон императорының ордені табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жәкен Таймағамбетов - Қазақстан азаматтарының ішінде Жапон императорының орденін алған жетінші тұлға.
18.12.2019
-
Сапарбаев Жаңаөзендегі бірнеше әлеуметтік нысанды аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған Ұкіметтің жұмыс тобы Жаңаөзен қаласындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Алдымен, қаладағы өндірістік алаңның жұмысымен танысты.
18.12.2019
-
"Алтын адам" 12 елде ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде биылғы жылы "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасын іске асыру қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті.
18.12.2019
-
"Канело": Кез келген салмақтағы мықтылармен жұдырықтасуға дайынмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартуы жайлы мәлімдеме жасады.
18.12.2019
-
Еліміздің бас шыршасын 20 желтоқсан күні жағады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 желтоқсан күні сағат 18:00-де ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтеді.
18.12.2019
-
Мамин Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" халықаралық қаржы орталығында премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысы өтті.
18.12.2019
-
Президент Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.
18.12.2019
-
Қазақстан халықаралық байланыстарда абыройлы мемлекет ретінде беделін нығайтты – Лукашенко
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары толассыз келіп түсуде.
18.12.2019
-
Түркиядағы елшінің сөзі бұрмаланған – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркиялық БАҚ өкілдерінің Қазақстан елшісінің сөзін бұрмалаған.
18.12.2019
-
Дипломаттың денесінде көгерген іздер болмаған – Смадияров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Египеттегі Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовты тапқан кезде қызметкердің мойны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған.
18.12.2019
-
Министр: денсаулық сақтау саласында жаңа "ойыншы" пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сонымен, Қазақстан МӘМС жүйесіне көшуге тастүйін дайын. 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін азаматтар жалақысының 1%-ын, жұмыс берушілер 2% көлемінде Қорға жарна төлейді. Сақтандырылған азаматтар үшін халық жиі пайдаланатын, сұраныс жоғары медициналық қызметтер қолжетімді болмақ. Бастысы – пациенттердің мүддесін қорғайтын әрі тиімділігі дәлелденген, қолжетімді медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз ететін жаңа "ойыншы" пайда болды. Бұл – Медициналық сақтандыру қоры.
18.12.2019
-
Тимур Тоқтабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
18.12.2019
-
#Желмая. Майра Ілиясова жолдасын өзі қайта үйлендіргені рас па?
Әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендері мен "Алтын жүрек" сыйлығының иегері Майра Ілиясова жолдасын өзі қайта үйлендіргені рас па?
18.12.2019