Жаңалықтар
-
Көлгінов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі 12 ақпанда сағат 10:00-де "Астана" концерт залында өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
11.01.2020
-
Зеленский Иранның ұшақты атып құлатқанын мойындауына қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Киев Тегераннан өз кінәсін толық мойындауын, ашық тергеу ісін және өтемақы төлеуін күтеді.
11.01.2020
-
Жванецкидің ұлын ұрды деген күдікпен екі қазақстандық студент ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Мәскеуде жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкидің ұлын соққыға жықты деген күдікпен екі Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Baza телеграм-каналы хабарлады.
11.01.2020
-
АҚШ Иранға жаңа санкция салды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл жолы Америка билігінің санкциясына Иранның сегіз шенеунігі мен елдің бірқатар өнеркәсіп саласы ілікті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Атап айтқанда, Вашингтон тау-кен, тоқыма және қайта өңдеу салаларына шектеу қойды.
11.01.2020
-
Лозанна-2020: Қазақстандық хоккейшілер алғашқы матчта жеңіске жетті
Алматы, BAQ.KZ. Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін айдынға шыққан қазақстандық хоккейшілер өз командаларына жеңіс әкелді деп хабарлайды Olympic.kz.
11.01.2020
-
Роухани ұшақтың атылғанына өкінішін білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Иран Ислам Республикасының президенті ұшақ жарылысынан қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтып, кінәлі әскерилерді жазалауға уәде берді. Бұл туралы ол twitter-де жазды.
11.01.2020
-
Иран украиндік ұшақты неліктен атып құлатқанын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық Украина әуежелісіне тиесілі Boeing-737 ұшағы Ирандағы әскери нысан маңынан ұшып өткен. Әскерилер оны жау ұшағы деп қабылдап, атып құлатқан.
11.01.2020
-
Канада Иранда атып түсірілген ұшақтағы азаматтар санын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтыс болған канадалықтар саны 57 адам. Осыған дейін 63 адам деген ақпарат таратылған болатын.
11.01.2020
-
Оманды 50 жыл басқарған сұлтан көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. 1970 жылдан бері Оманды басқарып келген 80 жастағы сұлтан Кабус бен Саид жұма күні кешке ұзаққа созылған ауруынан көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
11.01.2020
-
Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады
Алматы, BAQ.KZ. Иран билігі "Халықаралық Украина әуежелісінің" жолаушылар ұшағын байқаусызда атып құлатқандарын ресми мойындады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
11.01.2020
-
Трамптың импичмент процесі Сенатқа өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Америка президенті Дональд Трамптың импичмент жөніндегі материалдары келесі аптада Сенатқа түседі. Бұл туралы Politico басылымы жазды.
11.01.2020
-
Атырауда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіліп жатқан АӘК-тің жаңа форматын таныстырды.
11.01.2020
-
Нығматулин көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында, Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында болып, көп балалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
11.01.2020
-
Еліміздің 7 қаласында метеожағдай нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
11.01.2020
-
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
11.01.2020
-
Ертіс өңірінің мәдениет мекемелері халықаралық байланысты нығайтуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақтың мәдениет ұжымдары жыл сайын үш-төрт шет мемлекетті аралап, қазақ өнерін дәріптеу арқылы өнерде шекараның болмайтынын дәлелдеп келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
11.01.2020
-
Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогі кезеңін сәтті бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогі кезеңі басталды. Шпагашылар бәсекесінде қазақстандық спортшылар да сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
11.01.2020
-
Қандастар үшін 1 мың грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019-2020 оқу жылында аталмыш курсқа мемлекет тарапынан этникалық қазақтар үшін 1000 орындық грант бөлінді.Бұл туралы "Отандастар қоры" АҚ бірінші вице-президенті Талғат Адуов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
11.01.2020
-
Меган Маркл Ұлыбританиядан кетіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания ханзадасы Гарридің жары Меган Маркл өздерінің патшалықтағы міндеттерін орындаудан бас тартқандарын мәлімдегеннен кейін Ұлыбританиядан кетіп қалды. Меган Маркл Канадаға оралды, деп хабарлады Reuters.
11.01.2020
-
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен үй алған жас ұстаз ойымен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың соңында Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында астаналық 1050 жас тұрғын үйге ие болды. Пәтер иелерінің бірі, елордалық ұстаз Қымбат Ақшал мемлекеттік бағдарлама, берілген үйдің жай-күйі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
11.01.2020