Жаңалықтар
-
Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блок-бекеттерінің жұмысын тексерді. Елордада 6 блок-бекет орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан.
21.03.2020
-
Алматы облысындағы коронавирус жұқтырған азамат қажылықтан келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 53 адамға жетті. Осы ретте Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас қай елден келгені белгілі болды.
21.03.2020
-
Алматыда атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялауына және карантиннің енгізуіне байланысты Алматы қаласында алғаш рет автомобиль көлігінің саны айтарлықтай төмендеді.
21.03.2020
-
Қарағандыға кіргізбей жатыр деген ақпарат жалған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін аймақ тұрғындары арасында Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы облыс орталығына кіргізбей жатыр деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады.
21.03.2020
-
Коронавирус: Қырғызстанда тағы алты адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда тағы алты адамнан коронавирустық инфекцияның белгісі анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
21.03.2020
-
Қойылған талаптарды орындау қажет – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барғаны туралы жазды.
21.03.2020
-
Коронавирус: Парижде демалыста болған отбасының 4 айлық сәбиі жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәбиде бар екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
21.03.2020
-
Нығматулин: Наурыз - ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.
21.03.2020
-
Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
21.03.2020
-
Алматыдағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
21.03.2020
-
Коронавирус жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті індетті жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
21.03.2020
-
Қарағандылықтарға балаларын балабақшаға жібермеу ұсынылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бүлдіршіндердің тек 20 пайызы балабақшаға барып жүр. Балалардың денсаулығына қауіп төнбес үшін оларды балалар бақшасына апармау ұсынылуда.
21.03.2020
-
Қазақстандықтар Ресей мен Грузиядан елге жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты.
21.03.2020
-
Қарағандыдағы індет жұқтырған 2 сырқаттың жағдайы қалыпты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда коронавирус індетін жұқтырған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай. Бұл жайында облыстық тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров онлайн брифингте мәлімдеді.
21.03.2020
-
Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тіледі, деп хабарлады elbasy.kz.
21.03.2020
-
Сауда ойын-сауық орталықтары мен кинозалдарға нөлдік салық ставкасы енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысын жариялады.
21.03.2020
-
Жамбыл облысында төрт блок-бекет орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының кіре берістерінде коронавирусқа байланысты алдын алу шараларын күшейту мақсатында блок-бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу.
21.03.2020
-
"Уәде беремін": Біртанов хат жазған оқушыға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов анасы дәрігер болып жұмыс істейтін 13 жасар қыздың хатына жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
21.03.2020
-
Облыстық ҚХА мүшелері медициналық маска тігуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы коронавирусқа қарсы қадам ретінде маскалар тігуді бастады. Маскаларды аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін тарату көзделуде.
21.03.2020
-
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
21.03.2020