Жаңалықтар
-
Каирде Абай туралы кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каирде Мысырдың Уақыптар министрлігінің уағыз зерттеу департаментінің директоры, белгілі теолог Халед Ас-Саид Ғанемнің "Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері" атты араб тіліндегі кітабы жарық көрді.
17.07.2020
-
Жүйелі жұмыс жоқ - Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жүйелі жұмыс жоқ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында айтты.
17.07.2020
-
The New York Times 19 жастағы қазақ баласы жайлы мақала жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл басылымда әлемдік хит әндердің ремиксін жасаумен айналысатын Иманбек Зейкенов жайлы мақала жарияланды.
17.07.2020
-
Жақыныңа жанашыр бол: Павлодарлықтар дәрігерлерді қолдау акциясын жалғастыруда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Провизорлық госпитальдерде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қолдау көрсету мақсатында өңір колледждері дәмді ас әзірлеп, дәрігерлерге жеткізіп беруде.
17.07.2020
-
42 500: 700 мың қазақстандық SMS-хабарлама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті.
17.07.2020
-
Цой: Біздің міндетіміз - денсаулық сақтаудың дұрыс жүйесін құру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Қоғамдық бақылау" азаматтық бастамасын қолдау мақсатында еріктілер қозғалысының белсенділерімен, дәрігерлермен, ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
17.07.2020
-
Еуропа коронавирус инфекцияның екінші толқынын бастан кешуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы алғанда, құрлықта COVID-19-дан 200 мыңнан астам адам көз жұмған.
17.07.2020
-
ШҚО-да 20 елді мекенде көше жөнделді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс өңірінде тірек ауылдар ретінде белгіленген 20 елді мекенде көшелер жөнделіп, 30-дан астам әлеуметтік нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі.
17.07.2020
-
"Болашақ": Шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.
17.07.2020
-
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы жаңа препарат ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Формула вирус жұққан кезде жауап ретінде жүретін ағзаның жасушалары бөлетін интерферон-ақуыздарға негізделген.
17.07.2020
-
Магистратура мен докторантураға түсу үшін бірқатар жаңашылдық қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 19 шілдеге дейін ұзартылды. Мерзімді ұзарту туралы шешім карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қабылданды.
17.07.2020
-
Өткен тәулікте 1190 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1190 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
17.07.2020
-
Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 17 шілде күні Алматыда ауа райы 33-35 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді.
17.07.2020
-
50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат жалған болып табылады.
17.07.2020
-
Өткен тәулікте 1707 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1707 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
17.07.2020
-
Жұмада екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілде, жұма күні республиканың екі қаласында ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
17.07.2020
-
Алматыда коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індетті жұқтырғандар арасында жастар көп. Алматы қаласы бойынша 8 мың 259 адамға коронавирус диагнозы қойылған болса, соңғы тәулікте бұл індет 219 адамнан анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".
17.07.2020
-
Жұмада күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма, 15 шілде күні елімізде күн ашық, ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
17.07.2020
-
IBU суперспринтті әлем кубогінің финалдық кезеңінен алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) келесі жылы өтетін әлем кубогінің финалдық бағдарламасынан суперспринтті алып тастады, деп хабарлайды olympic.kz.
17.07.2020
-
СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
17.07.2020