Жаңалықтар
-
Пайда табуды емес, демалушылардың қауіпсіздігін ойлаңыздар – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Алакөлдегі 175 демалыс базасының бірде-біреуі 2020 жылғы туристік маусымға толық дайын екендігін растайтын акт алмаған болатын.
11.06.2020
-
Соңғы 5 айда өнеркәсіп өндірісі көлемі қалай өзгерді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2020 жылдың соңғы 5 айында өнеркәсіп өндірісі көлемі қалай өзгергенін инфографика арқылы назарларыңызға ұсынамыз.
11.06.2020
-
55 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 55 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
11.06.2020
-
Елімізде көлік тасымалы қашықтан бақыланатын болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты "Автокөлік тасымалы жөніндегі" ҚР заңына өзгертулер енгізу туралы заңды қабылдады. Бұл заңда халықаралық автокөлік тасымалын бақылау мәселесі қамтылған.
11.06.2020
-
СҚО-да автомобиль жолдарының мыңнан астам шақырымы жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында биыл орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
11.06.2020
-
"Birgemiz" акциясының белсенділеріне Назарбаевтың алғыс хаты тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
11.06.2020
-
Заң жобасы: Жала жабу – қылмыс емес
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында "Атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы" заңды қабылдады. Бұл құжат жала жапқаны үшін жауаптылықты қылмыстық сипаттан арылтуды көздейді.
11.06.2020
-
Ректор: Праймериз білікті азаматтарға мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы өзінің 21 жылдық тарихында Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып, үлкен саяси күшке айналды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гауһар Алдамбергенова осылай деді.
11.06.2020
-
Бейбіт жиындарға келген БАҚ өкілінде редакциялық тапсырма болуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының директоры Нұржан Мұхамеджанова мәлімдеді.
11.06.2020
-
Қоқысты дұрыс тастамайтын тұрғындарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында қоқыс тастауды дұрыс үйренбеген тұрғындарға 20 АЕК айыппұл салынады, деп хабарлады Polisia.kz.
11.06.2020
-
АШМ жылқы шаруашылығын қолдауды жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасында республикада жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
11.06.2020
-
Мәдениет министрі Асқар Жұбановтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туысқандарына көңіл айтты.
11.06.2020
-
Мамин Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) аралық отырысы өтті.
11.06.2020
-
Митингтерден ақпарат тарататын журналистерге қатысты ұсыныстар ескеріледі – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі БАҚ өкілдерімен болған кездесуде келтірілген ұсыныстар ескерілетінін айтты.
11.06.2020
-
Қазақстандықтар мамырда 1 467 алтын құймаcын сатып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы мамырда ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 62 165 грамм 1 467 өлшеуіш құйма сатып алды.
11.06.2020
-
Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тест былтырғыдай күнара емес, күн сайын өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
11.06.2020
-
Балаева: Бейбіт жиналыстарға қатысқан журналистердің қауіпсіздігі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Бас редакторлар клубы" ҚБ бастамасымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның БАҚ басшыларымен, түрлі мемлекеттік және аймақтық БАҚ бас редакторларымен және азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.
11.06.2020
-
Біртанов адам ағзасы ел аумағынан қандай жағдайда шығарылатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Сенатының отырысында Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері қандай жағдайда шығарылатынын мәлімдеді.
11.06.2020
-
Мамырда зейнетақы маусымдағыдан неге көп болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың мамыр айында алған зейнетақысы маусымдағыдан көп болды. Мұның себебі – төлемдерді қосымша 5%-ға индекстегеннен кейін сәуірде толық алынбаған қосымша төлемдер.
11.06.2020
-
Елордада ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тестілеу кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Түлектердің ата-аналары үйде қалуы тиіс. Олар үшін аудиториялардан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
11.06.2020