Жаңалықтар
-
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.07.2020
-
ШҚО тұрғыны КВИ-мен ауырып жатқандарға дәрі-дәрмек таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жомарт кәсіпкер облыс орталығындағы ауруханалардың біріне гуманитарлық көмек ретінде 45 антибиотик екпесін, 300 қорап дексаметазон және 2 мың дана медициналық маска берді.
20.07.2020
-
Көбейтұздың келісі 5 мың теңге тұратын тұзы вирусты емдейді. Ол қаншалықты рас?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Көбейтұзға қатысты әңгіме көбейді. Алдымен блок-бекет қойып жапса, одан кейін тұзды келісі бес мың теңгеден сатып жатыр деген ақпарат тарады.
20.07.2020
-
Қызылордалық тігінші мемлекеттік бағдарламаның көмегімен кәсібін кеңейтті
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сырдария ауданы Асқар Тоқмағамбетов аyылының тұрғыны Нұрсұлy Ажаpова мемлекеттiк қолдаyдың арқасында тігiншілік кәсiппен айналысyда.
20.07.2020
-
Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады.
20.07.2020
-
42 500 теңге: 40 мыңнан астам қызылордалыққа әлеуметтік төлем есептелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 шілде сағат 17:00-дегі жағдай бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының базасы арқылы карантин уақытында табысынан айырылған облыстың 42 174 тұрғынына 42 500 теңге көлемінде төлем жасауға жіберілді.
20.07.2020
-
Тараздағы рейд: Мейрамхана иесі келушілерді VIP-кабинкаға жасырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында карантиндік шаралардың сақталуын бақылау күшейтілуде. Күн сайын әкімдік, полиция, санитариялық қызмет, қоғам және БАҚ өкілдері енген мобильді топтар көңіл көтеру орындарына рейдтер өткізіп, карантин режимін бұзушыларды анықтауда.
20.07.2020
-
COVID-19. Балалардың вирусты ересектермен бірдей тарататыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда жүргізілген жаңа ауқымды зерттеу он жастан асқан балалар коронавирус инфекциясын ересектермен бір деңгейде тарататынын көрсетті, деп жазды The Washington Post.
20.07.2020
-
42 500 теңге: Төлем тағайындау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындауға қатысты азаматтар жиі қоятын 18 сұраққа жауап дайындады.
20.07.2020
-
Жол апаты: Газ тасымалдағыш 3 көлікпен соқтығысып, бір адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы кезінде полицейлер үш адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
20.07.2020
-
Пульмонолог пневмония кезінде әсері жоқ антибиотиктерді атады
Алматы, BAQ.KZ. КВИ кезінде өкпенің зақымдануын пневмония ретінде қате анықтау антибиотиктерді стандартты тағайындауға әкелді. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы профессор, пульмонолог дәрігер Сәуле Қасенова айтты.
20.07.2020
-
Коронавирус жұқтырған науқастарды төрт санат бойынша қарауда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір науқастарды төрт санат бойынша қарауда. Бірінші эшелон бойынша ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында айтты.
20.07.2020
-
Австрия шекаралық бақылауды күшейтпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай қатаң шаралар осы мемлекеттерде коронавирус індетінің өршуіне байланысты қабылданып отыр.
20.07.2020
-
Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
20.07.2020
-
1000 атыраулыққа азық-түлік жиынтығы таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көп балалы 1000 отбасына жиынтық азық-түліктерді таратуда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
20.07.2020
-
Азаматтардың барлығына бірдей зейнетақы қорындағы ақшаларын шешіп алу ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшелері қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 10 пайызын мерзімінен бұрын шешіп алуға мүмкіндік беру туралы ұсыныс жасады.
20.07.2020
-
42 500: Біржолғы төлем 960 мыңнан астам адамға тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 133 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 961,3 мың адамға тағайындалды.
20.07.2020
-
COVID-19. ДСМ мен ұлттық әл-ауқат қоры меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.
20.07.2020
-
Сovid-19: Жағажайда жүргендер жаппай жазаға тартылады
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аптап ыстықта демалушыларға карантиндік шаралар тосқауыл болар емес. Карантиндік шектеулерге қарамастан өткен тәулікте Бурабай жағажайларында демалушылардың саны толастамады. Тұрғындар денсаулығына алаңдаған эпидемиологтар «жабайы» жағажайларға арнайы блокбекеттер орнатуды ұсынып отыр.
20.07.2020
-
Қызылорда облысында жедел жәрдем шақыртушылар саны азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "COVID-19" індетпен күресу мақсатында алдымызға нақты тапсырмалар жүктеді. Індетпен күресу жолында елімізде бірқатар шара қабылданып, дер кезінде тиісті жұмыстар жасалуда, деп жазды облыс әкімдігі Facebook-тегі парақшасында.
20.07.2020