Жаңалықтар
-
35 миллион теңге жымқырған шенеунік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім бастығы 35 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
14.08.2020
-
Нұр-Сұлтанда бос тұрған жерлерге жаңа скверлер мен аулалар салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың жаңа аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
14.08.2020
-
Шымкентте 112 Call орталығы ашылды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласына іссапармен келді. Ол Шымкент қаласының "Жедел медициналық жәрдем көрсету" стансасының 112 Call-орталығы жұмысын көрді.
14.08.2020
-
Оңтүстік Африкада тас ғасырындағы матрас табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африкадағы Витватерсранд университетінің ғалымдары осыдан 200 мың жыл бұрын пайдаланылған матрасты тапқан. Бұл туралы Science басылымы жазды.
14.08.2020
-
Мешіттер қашан ашылады - ҚМДБ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің қайта ашуға қатысты мәлімдеме таратты. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.
14.08.2020
-
Шымкентте инфекцияның таралу деңгейі төмендеген - Денсаулық сақтау вице-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Қостанай облысында сақшылар 400 келіден астам есірткіні өртеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласының полицейлері "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының" кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашишті өртеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Жезқазғанның бұрынғы әкімі енді Теміртауды басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Жезқазғанды басқарған Қайрат Бегiмов Теміртау қаласының әкімі болып тағайындалды. Металлургтар қаласының жаңа басшысын қалалық мәслихат депуттарына Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырды.
14.08.2020
-
Елімізде мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
СҚ-Фармацияның дәрілері өте қымбат – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Сұңқар" онкологиялық орталығының бас дәрігері Бақтияр Керімқұлов депутаттармен кездесу барысында айтты.
14.08.2020
-
Елімізде кәсіпкерлер санын көбейту көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде елімізде жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
14.08.2020
-
Түркістан: Қазақстанда тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, "қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.
14.08.2020
-
Жеке клиникаларға да COVID-19-ды емдеуге рұқсат беру қажет – Азат Перуашев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаев Алматыдағы "Сұңқар" клиникалық орталығының жұмысымен танысты.
14.08.2020
-
Шымкентте жаңа индустриалды аймақ құрылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингінде осылай деді.
14.08.2020
-
Оңтүстік Америкада Абайдың 175 жылдығы аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы елшілігі Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақ мәдени орталығымен бірлесіп онлайн конференция ұйымдастырды.
14.08.2020
-
"Бизнестің жол картасы" аясында пайыздар төмендеп, несие сомасы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шара ретінде несие пайыздарды төмендеп, субсидия мен несиелендіру сомасы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
14.08.2020
-
Талғарда тал түсте дүкен тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында болған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, дүкен сатушыларын қорқыту арқылы ақшасын төлеместен оқиға орнынан із суытқан. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Денсаулық вице-министрі іссапармен Шымкентке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Шымкент қаласында іс сапармен келді. Вице министр "Асар" шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
14.08.2020
-
Қазақстандық дипломаттар ядролық қаруға қарсы велошеруге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Хиросима мен Нагасакидің атом бомбалауының 75 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің қызметкерлері "Bike for Peace" (Велосипедшілер бейбітшілік үшін) қозғалысымен ұйымдастырылған веложарысқа қатысты.
14.08.2020
-
Батыста 45 шақырым жол жөнделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
14.08.2020