Жаңалықтар
-
Қостанайда жол бойына жылыну пунктері қойылады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 1 қарашадан бастап Қостанай облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 238 жылыну пункті жұмыс істей бастайды.
31.10.2020
-
Фируза Шарипова Мәскеу төрінде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық Фируза Шарипова (12-1, 6 КО) Сербия өкілкі Сара Марьяновичпен (7-8, 3 КО) жұдырықтасты.
31.10.2020
-
Педагог мәртебесі туралы заң не берді?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданғалы қандай өзгерістер болып жатыр? Аталған заң педагог кадрларын дайындайтын ЖОО-ға қалай әсер етті? Президент Жолдауында айтылған ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмалар қалай орындалып жатыр? Осы және басқа да мәселелер бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан сұхбат барысында айтып берді.
31.10.2020
-
Жамбыл облысында өрттің саны азайған
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Әр демалыс күндері жамбылдық өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, полиция өкілдері, еріктілер, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы мен «ЖЭС» ЖШС мамандары бірлесіп, Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күнін өткізеді. Олар шара барысында тұрғын үй секторында жаппай профилактикалық жұмыстарды да жүргізеді.
31.10.2020
-
«Ақылды» қалада не өзгерді?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақкөл қаласында «ақылды қала» жобасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе өмір сүру сапасын арттыруға, адамдар үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталған.
31.10.2020
-
Дақпыртқа ермей, сақтық шараларын сақтаған жөн – медбике
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер коронавируспен ауырғандар ағзасындағы «Д» дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шегіп жүргендерін айтуда.
31.10.2020
-
ШҚО-да шаруа қожалығы өртке оранды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығында өрт шықты, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
31.10.2020
-
БҰҰ-75: Алматыда Бейбітшілік аллеясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Ботаника бағында БҰҰ 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясы салынды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
31.10.2020
-
Еуропада вирустың жаңа түрі таралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус мутацияға ұшырады, деп хабарлады еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
31.10.2020
-
«Шабыт» орталығы киіз басу дәстүрін жандандыруда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының аясында ашылған «Шабыт» халық шығармашылығы орталығы қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен киіз басу мәдениетінің ұмытылмай, қайта жандануына септігін тигізуде.
31.10.2020
-
Атырауда бес бала өрттен құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала және бір ересек адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
31.10.2020
-
Праймериз: Nur Otan өңірлік конференцияларға арналған нұсқаулықты бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» мәслихаттар мен Мәжіліске партиялық тізімдерді анықтайтын конференциялар өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, деп хабарланды партияның ресми сайтында.
31.10.2020
-
Азық-түлік қауіпсіздігі: «Халалдың» бәрі адал ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ас – адамның арқауы» екенін айтқан халқымыз аурудың астан болатынын да ескерткен. Осы қанатты сөздер күн өткен сайын «халал» ұғымы арқылы жаңарып, жаңғыра түскен сияқты.
31.10.2020
-
Егер банкте техникалық ақау орын алса не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары мұндайда сабырлық сақтап, бірнеше қарапайым қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынады.
31.10.2020
-
Будапештте «Абай орталығы» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде «Абай орталығының» ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
31.10.2020
-
Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі.
31.10.2020
-
Алматы облысында бақтардың көлемі 23 мың гектардан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Ұйғыр ауданында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде биылғы жылы 22 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары себілген.
31.10.2020
-
Ұшақта вируске шалдыққандар болса өзге жолаушылар оқшаулана ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға Бұл туралы «Желмая» жобасының қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева жауап берді.
31.10.2020
-
Ауылдарда ҮЕҰ жұмысы жанданып келеді – Динара Өтебаева
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде мыңға тарта қоғамдық ұйым тіркелген. Алайда, белсенді жұмыс істеп тұрғаны екі жүзге жетпейді. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар мен олардың жұмысы туралы бізге Қостанай облысының «ГрИН» азаматтық альянсы жетекшісі Динара Өтебаева айтып берді.
31.10.2020
-
Көкшетаулық ерікті студенттер пандемиямен күреске үлес қосуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы медицина факультетінің студенттері пандемияның екінші толқынында да коронавирус індетімен күресте ерікті түрде көмек көрсетуге дайын.
31.10.2020