Жаңалықтар
-
Конституция күні қарсаңында бір топ атыраулық марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Жарлығымен аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ атыраулық мерекелік медалмен марапатталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
28.08.2020
-
Елордада Волонтерлік кеңестің отырысы онлайн өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдар көшбасшыларының қатысуымен онлайн форматта Волонтерлік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
28.08.2020
-
Ақмола облысының барлық аудандарында сервистік әкімдіктер іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды.
28.08.2020
-
Таразда жаңа пәтер кілттері табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
28.08.2020
-
Маңғыстауда жаңа оқу жылында 3 мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті.
28.08.2020
-
Биді «подтанцовка» ретінде қараудан арылу керек – хореограф
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше мәрте халықаралық би сайыстарында бас жүлдеге ие болған, үлгілі хореографиялық «Нұрсәулем-ай» би ансамблінің жетекшісі Меруерт Жараспаевамен елдегі би өнерінің дамуы және басқа да тақырыптар төңірегінде сөйлескен едік.
28.08.2020
-
Сағынтаев Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қаладағы Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
28.08.2020
-
Президент Жолдауы – жыл жетістіктері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел Президенті болып сайланғаннан кейін 2019 жылы ҚР Парламентінің палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Халқына алғашқы Жолдауын жариялады. «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» сияқты бес бөлімнен тұратын Жолдауда елімізде қордаланған проблемаларды шешу жолдары мен Елбасы стратегиясын жалғастыру бағыттары қарастырылды, деп жазды strategy2050.kz
28.08.2020
-
Алматыда тағы бір Жастар ресурстық орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен жастар мен жастар ұйымдары үшін әлеуметтік алаң ұсыну мақсатында Бостандық ауданында «Almaty jastary» жастар ресурстық орталығы ашылды.
28.08.2020
-
Шымкентте індетке шалдыққан соңғы науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
28.08.2020
-
Суға батып бара жатқан адамды құтқарған жасөспірім марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Конституциясы күніне орай ТЖ Департаменті марапаттау рәсімін өткізді. Ішкі істер министрлігінің басшылығы суға батып бара жатқан адамды құтқарған 18 жастағы Алматы полиграфия колледжінің студенті Марғұлан Дүйсеш пен Алматы қаласы әкімі аппараты құтқару қызметінің қызметкері Хозы Бүркітбайханды марапаттады.
28.08.2020
-
Тараз қаласының тұрғыны түзеу мекемесіне ішімдік кіргізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесіне Тараз қаласының тұрғыны алкоголь ішімдігін кіргізбек болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
28.08.2020
-
МӘМС: Шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан қойылатын 7 сауал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кімдер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалатын міндетті төлемдер кейінге қалдырылды? Медицина ұйымдары кәсіпорын қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуден не үшін бас тартады? Бизнес өкілдері тарапынан қойылған осы және өзге де өзекті сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап берді.
28.08.2020
-
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады
Алматы, BAQ.KZ. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
28.08.2020
-
Азық-түлік бағасы 11%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
28.08.2020
-
Оқыту платформаларын дайындауға бюджеттен қаржы қарастырылған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте білім беру платформаларын дайындауға байланысты қойылған сұраққа қалалық білім басқармасы мен платформа негізін қалаушылар жауап берді.
28.08.2020
-
Дұрыс шешімдердің арқасында Бартоғай су қоймасын сақтап қалдық – ҮАК директоры
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Судың да сұрауы бар. Шаруаралға суды дұрыс пайдалану мәдениетін үйренетін кез келді. Бұрынғыдай көлгөсір су енді болмайды, фермердің жер көлеміне, сұрауына қарай ғана береміз. Бұл туралы Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының директоры Серікқали Мұқатаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.
28.08.2020
-
Жапония премьер-министрі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ жаралы колиттің асқынуы салдарынан денсаулығының сыр беруіне байланысты отставкаға кетті.
28.08.2020
-
Қар барысы фототұзаққа ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының тауларында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте қар барысының жүргені анықталды.
28.08.2020
-
Биыл Алматыда 27 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында айтты.
28.08.2020